USD
USD
USD

Футбол: Қазақстан суперкубогы өтеді

Бүгін футболдан Қазақстан суперкубогы болды.

Футбол: Қазақстан суперкубогы өтеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кездесу 2 наурызда елорда уақытымен 19:30-де «Астана Арена» стадионында өткізіледі. Ойын «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Бұл жолы аталмыш жүлдені өткен маусымның чемпионы қостанайлық «Тобыл» мен кубок иегері алматылық «Қайрат» сарапқа салады.

Суперкубокты классикалық түрде бір ойыннан өткізу туралы шешім қабылданды. Бұл биылғы наурыз айында ойындар күнтізбесінің тығыздығына байланысты клубтармен келісім бойынша қабылданды.

Бүгінгі күнге дейін суперкубокта ел чемпионы мен кубок иегері шеберлік байқасты. Финалда тоғыз команда бақ сынаған. Олардың арасында «Астана» сегіз мәрте финалда ойнап, бес мәрте (2011, 2015, 2018, 2019, 2020) кубокты иеленді. Одан кейінгі кезекте Алматының «Қайраты» 5 мәрте финалда бақ сынап, үшеуінде (2016, 2017) жеңімпаз атанды.

Ал «Ақтөбе» 2 (2008, 2010), «Елімай» (1995), «Ордабасы» (2012), «Шахтер» (2013) және «Тобыл» (2021) командалары бір-бірден жеңімпаз тұғырынан көрінді. Сондай-ақ, «Атырау», «Восток» және «Қайсар» командалары суперкубокқа шыққанымен бірде-бір мәрте оған қол жеткізе алған жоқ.

Қазір оқып жатыр

Алматы – Қорғас тасжолындағы көлік апаты: тағы бір адам ауруханада көз жұмды

жол апаты

Қара тізімге енген Alibaba Пентагонды сотқа берді

Alibaba

Еуроодақ заңсыз мигранттарды Қазақстанға жіберуі мүмкін бе: СІМ жауап берді

СІМ

АҚШ-та жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық жігіттің денесі елге әкелінді

Әсет Құралбай