USD
USD
USD

Футбол: Қазақстан құрамасы Тәжікстанмен жолдастық кездесу өткізеді

  Футболдан Қазақстан құрамасы 16 қарашада Тәжікстанмен жолдастық кездесу өткізеді.

Футбол: Қазақстан құрамасы Тәжікстанмен жолдастық кездесу өткізеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясы мәлім етті. Аталған ойын FIFA жолдастық кездесу күнтізбесіне енгізілген. Екі елдің футбол саласының басшылары бұл жөнінде ортақ шешімге келді. Ойын 16 қарашада елордадағы «Астана Арена» стадионында өтеді. Матчтың басталуы Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 19:00-ге белгіленген. Тәжікстан құрамасы FIFA-ның соңғы рейтингінде 118 орында тұрса, Қазақстан 120-орынға жайғасқан.

Екі құрама бұған дейін төрт мәрте кездесті. Оның үшеуінде қазақстандық футболшылар жеңіске жетсе, біреуінде тең нәтиже тіркелді. Еске салсақ, аталған кездесуге дейін ұлттық құрама 13 қарашада әлем чемпионатының іріктеу сыны аясында сырт алаңда Франциямен кездеседі. Айта кетейік, қазақстандық құрама іріктеу сатысында D тобында сынға түседі. Қарсыластары - Франция, Украина, Босния және Герцоговина, Финляндия. Өз тобында қазақстандық құрама 3 ұпаймен бесінші орында келеді. 

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

.