USD
USD
USD

Футбол: Қазақстан құрамасы қанша табыс тапты?

Ұлттар лигасындағы алты ойынның қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы топта соңғы орынға ие болып, «С» лигасындағы орынды сақтап қалу үшін Молдовамен таласады. Бірақ, соған қарамастан, Қазақстан құрамасы турнирге қатысқаны үшін бонустар алады.

Футбол: Қазақстан құрамасы қанша табыс тапты?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ұлттар лигасына қатысушылардың әрқайсысы жақсы бонустарға ие болуы мүмкін. Турнир аяқталғаннан кейін оларға қол жеткізілген нәтижелерге байланысты сыйақы қосылады. Ұлттар лигасының ағымдағы ұтыс ойынында өнер көрсеткені үшін ҚФФ 1,125 миллион аударады. Алайда Михал Билектің шәкірттері топта бірінші орын алған жағдайда екі есе көп ақша табуы мүмкін еді.

«С» лигасындағы топтың жеңімпазы үшін 1,125 еуро сыйақы беріледі. Яғни Қазақстан құрамасы топта жеңіске жеткен жағдайда 2,25 миллион еуро (топқа қатысқаны және жеңгені үшін) табысқа ие болады.

Ұлттар лигасында өнер көрсеткені үшін мынадай бонустар беріледі: «А» дивизионы – 2,25 миллион, «В» дивизионы – 1,5 миллион, «С» дивизионы – 1,125 миллион «D» дивизионы – 0,75 миллион.

Ал топтың жеңімпаздарына: «А» дивизионы – 2,25 миллион «В» дивизионы – 1,5 миллион «С» дивизионы – 1,125 миллион, «D» дивизионы – 0,75 миллион. Финал жеңімпазына 6 миллион төленеді, екінші орынға – 4,5 миллион, үшінші орынға – 3,5 миллион, төртіншіге – 2,5 миллион.

Қазір оқып жатыр

«Бұл одақ барлық жағынан қолайлы»: Бибісара Асаубаева өзбекстандық шахматшыға тұрмысқа шығуы мүмкін

Жавохир Синдаров, Бибісара Асаубаева

4500 беттен тұратын талап-арыз түскен: Германия тұрғындары соттарды ЖИ арқылы әбігерге салуда

сот

Жапонияда Азия Пара ойындары басталды: Қазақстаннан 150 спортшы қатысады

.

Жетісу облысында шағын автобус КамАЗ-ға соғылып, екі адам қаза тапты

kris_p_kaz/Instagram/ ЖИ арқылы өңделген