USD
USD
USD

Футбол матчы кезінде доп тиіп, жарақат алған Ақтөбе тұрғыны сотқа жүгінбек

Ақтөбелік келіншек футбол матчы кезінде бетіне доп тиіп, жарақат алғанын мәлімдеді. Зардап шегуші футбол клубынан материалдық және моральдық шығынды өндіру үшін сотқа жүгінуге ниетті.

Футбол кезіндегі жарақат
Фото: Видеодан кадр/almaty.tv

Астана, NEGE. Аянай Елтоқова жолдасымен бірге «Ақтөбе» мен «Алтай» футбол клубтары арасындағы матчты тамашалауға барған кезде жарақат алған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ойын барысында футболшылардың бірі тепкен доп жоғары жылдамдықпен ұшып келіп, көрермендер қатарында отырған Аянайдың бетіне тиген.

«Қан кете бастады, басымды иіп тұрдым, одан кейін не болғанын мүлде түсінбедім. Ауруханада бірден жатып ем алу қажет екенін айтты. Нәтижесінде жабық бас-ми жарақаты және ауыр дәрежедегі ми шайқалуы деген диагноз қойылды», – дейді матч кезінде зардап шеккен Аянай Елтоқова.

Ол әлі күнге дейін басы қатты ауыратынын, ұйқысыздыққа душар болғанын және жалпы денсаулығының нашарлап кеткенін айтады. Алайда Аянайды бұдан да қатты қынжылтқаны – матч ұйымдастырушыларының немқұрайлық танытқаны.

«Матчты ұйымдастырушы ретінде "Ақтөбе" футбол клубы көрсетілген. Демек, трибунадағы көрермендердің қауіпсіздігіне толықтай солар жауап беруі керек. Бірақ құр кешірімнен басқа ешқандай нақты қолдау көрмедім. Интернетте үлкен шу көтерілгенге дейін клуб өкілдерінің ешқайсысы менің жағдайымды сұрамады», – дейді ол.

«Ақтөбе» футбол клубының әкімшілігі бұл жайтқа пікір білдіріп, халықаралық стандарттарға сәйкес алаң бойына қорғаныс торы қойылмайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ «Ақтөбе» өкілдері келіншекке өтемақы ретінде футбол матчына бір жылдық абонемент пен клубтың фирмалық футболкасын ұсынған.

«Футбол клубының тарихында мұндай жағдай алғаш рет болып отыр. Біз ресми түрде кешірім сұрадық, ертең кездесіп, оған және жұбайына бір жылдық абонемент пен "Ақтөбе" футбол клубының фирмалық футболкасын сыйлаймыз деп келістік. Алаң бойына қорғаныс торлары ешқашан қойылмайды. Халықаралық стандарттарға сәйкес, олар тек қақпаның артына ғана орнатылады», – дейді «Ақтөбе» футбол клубының медиа-офицері Әсет Жомарт.

Алайда Аянай Елтоқова материалдық және моральдық шығынды өндіріп алу үшін сотқа талап-арыз жазып, заң аясында әділдікке қол жеткізуге ниетті. Сондай-ақ ол қауіпсіздік регламентін қайта қарауды талап етіп отыр.

Қазір оқып жатыр

LRT вагондарын бүлдіргендер 13 млн теңгеге дейін айыппұл арқалауы мүмкін

ЛРТ

Қазақстанда ішкі рейстерде биометрия енгізілмек

биометрия

Аутизмнің емі жоқ, бірақ «емшілер» көбейіп барады

.

Жамбыл облысындағы жасөспірімдер қазасы: өңірде Балалар құқықтарын қорғау басқармасы құрылды

Эльмира Мырза-Ғали