USD
USD
USD

Футбол федерациясы «Ордабасы» – «Атырау» кездесуіндегі төрешілер қателігін мойындады

4 сәуір күні Шымкентте «Ордабасы» – «Атырау» арасындағы матч 1:1 есебімен аяқталды, алайда екі команданың жанкүйерлері де төреші Санжар Исақовтың жұмысына наразылық білдірді.

«Ордабасы»
Фото: «Ордабасы» ФК

Астана, NEGE. Көрермендер «Атырау» командасы соққан голдың есепке алынбағанын әділетсіз деп санады, сондай-ақ негізгі уақытқа қосылған 10 минут ішінде «Ордабасы» пайдасына пенальти белгіленгеніне де қарсылық білдірді.

Қазақстан футбол федерациясының Төрешілік және қадағалау департаментінің директоры Нуну Каштру Премьер-лиганың 4-туры матчтарындағы кейбір ойын сәттеріне қатысты түсіндірме беріп, төрешілер мен VAR тарапынан жіберілген үш негізгі қателікті растады.

«82-минутта төреші мен көмекшісі бастапқыда голды дұрыс есептеген. Эпизодты қарағаннан кейін VAR-дың араласуы – қате. Эпизодты қайта қарағаннан кейін голды офсайд деп есептемеу – төрешінің қате шешімі», – делінген федерация түсіндірмесінде.

Ал 90+7-минутта төреші пенальтиді қателесіп тағайындаған.

«VAR араласпауы – қате. Төрешінің пенальти тағайындау қорытынды шешімі – қате», – дейді ҚФФ өкілдері.

Матчтың 90+13-минутында төреші абайсыз әрекет үшін сары қағаз берудің орнына ойыншыны алаңнан қуу жөнінде қате шешім қабылдаған.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар