USD
USD
USD

Фуболдан ұлттық құраманың бас бапкері Талғат Байсуфинов орнында қала ма?

Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың бас бапкері Талғат Байсуфиновқа қатысты мәлімдеме жасап, оның қызметінен кететіні жөніндегі ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

Талғат Байсуфинов
Фото: ҚФФ

Астана, NEGE. Федерация өкілдері ресми хабарламада Талғат Байсуфиновқа толық қолдау білдіретінін атап өткен.

«Федерация маманның кәсіби қызметін, Қазақстан ұлттық құрамасын дамытуға қосқан үлесін, сондай-ақ команданы алдағы матчтар мен турнирлерге дайындау жолындағы еңбегін жоғары бағалайды», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ Қазақстан футбол федерациясы тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге және қоғамды жаңылыстыруы мүмкін расталмаған ақпаратты таратпауға шақырды.

Айта кетейік, бұған дейін бірқатар бұқаралық ақпарат құралында футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфиновты Венгриямен өтетін жолдастық кездесуден кейін қызметінен босатады деген ақпарат тараған еді. 

Талғат Байсуфинов Қазақстан құрамасын осымен үшінші рет басқарып отыр. Оның жетекшілігімен ұлттық құрама бірде-бір жеңіліссіз үш матч өткізді: Лихтенштейнді 4:0 есебімен жеңсе, ал Солтүстік Македония (1:1) және Бельгия (1:1) құрамаларымен тең түсті.

Қазір оқып жатыр

Үкімет резервінен Астанаға 16 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді: қаражат қайда жұмсалады?

Астана

Air Astana Біріккен Араб Әмірліктерімен әуе қатынасын уақытша тоқтатты

 Air Astana

Қатардың бұрынғы әмірі қайтыс болды: Тоқаев көңіл айтты

.

Ерлан Қожағапанов бостандыққа шықты

.