USD
USD
USD

Футболдан әлем чемпионатының финалынан кейін Буэнос-Айресте жаппай тәртіпсіздік болды

2026 жылғы әлем чемпионатының финалында Аргентина құрамасы жеңілгеннен кейін Буэнос-Айресте жаппай тәртіпсіздік болып, бірнеше адам ұсталды.

Обелиск алаңы
Фото: Видеодан кадр/youtube/@marca

Астана, NEGE. TN мәліметінше, жексенбі күні кешке мыңдаған адам Буэнос-Айрестегі Обелиск алаңына жиналған. Бастапқыда бұл жиын ұлттық құраманы қолдау мақсатында ұйымдастырылғанымен, кейін бір топ адам қала орталығында кезекшілік атқарған полиция қызметкерлеріне тас пен бөтелке лақтыра бастаған.

Марапаттау рәсімі аяқталғаннан кейін жағдай тіпті ушығып, қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етіп тұрған полиция қызметкерлеріне қарсы шабуылдар басталған. Бірнеше адам Обелиск айналасындағы қоршаудан өтіп кеткен. Тәртіпсіздікті тоқтату үшін полицейлер арнайы көліктермен жанкүйерлерге су шашқан.

Жаппай тәртіпсіздік салдарынан Буэнос-Айрес қалалық полициясының үш қызметкері жарақат алған.

Ресми мәлімет бойынша, 15 адам ұсталған. Тәртіпсіздік кезінде телефон мен жеке заттарды ұрлау деректері де тіркелген.

Еске салсақ, 20 шілдеде Нью-Джерси штатында футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының финалы өтті. Испания құрамасы қазіргі әлем чемпионы Аргентинаны қосымша уақытта 1:0 есебімен жеңіп, 16 жылдан кейін қайтадан әлем чемпионы атанды.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы