USD
USD
USD

Франциядағы президенттік сайлау: Макрон ба, әлде Ле Пен бе?

 Францияда президенттік сайлаудың бірінші кезеңі аяқталды.

Франциядағы президенттік сайлау: Макрон ба, әлде Ле Пен бе?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оған сәйкес елдің қазіргі президенті Эммануэль Макрон сайлаушылардың 28%, ал оның басты қарсыласы «Ұлттық бірлестік» партиясының басшысы Марин Ле Пен 24% дауыс жинады. Үшінші орында 20 пайыз дауыспен әсіре солшыл кандидат Жан-Люк Меланшон тұр. Бір сөзінде ол Макронды тікелей қолдамаса да, жақтастарын екінші турда Ле Пенге дауыс бермеуге шақырды. Төртінші орынға шыққан ұлтшыл-популист Эрик Земмура Лен Пенді қолдады.

Марин Ле Пен, Франция президенттігіне үміткер:

– Мен барлық француздарды түрлі көзқарастарына қарамастан ұлттық бірлікке қосылуға шақырамын. Біз бірлесіп жеңіске жетіп, қазір Францияға қажет жаңа кезеңді бастай аламыз.

Эммануэль Макрон, Франция президенттігіне үміткер:

– Ешнәрсе шешілген жоқ. Алдағы күндердегі дебаттар еліміз бен Еуропа үшін шешуші болмақ.

Осыдан быс жыл бұрынғы сайлауда Макрон мен Ле Пен екінші турға шығып, жеңген. Бұл жолы бәсеке жоғары. Politico Research сауалнама жүргізіп, екінші кезеңде Макрон 53 пайыздық көрсеткішпен қайтадан президент болып сайланады деген болжам жасады. Оның басты қарсыласы Марин Ле Пен басшылық жасайтын «Ұлттық алаң» партиясы Ресей президенті Владимир Путинге жылы қабақ танытып, Еуропа интеграциясына сыни көзқараспен қарайды. Алайда, Ресейдің Украинаға шабуылына қарсы француз халқы Макронды таңдауы әбден мүмкін. 

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян