USD
USD
USD

Францияда өткен Паралимпиада ойындарына қатысқан спортшы жол апатынан қаза тапты

Танымал паратаэквондошысы Нышан Өмірәлі 32 жасында өмірден озды, деп хабарлайды ҚР Паралимпиада комитетінің баспасөз қызметі.

Нышан Өмірәлі
Фото: instagram.com/kazparalympics

Алматы, NEGE. Спортшының көлігі бүгін түнде түйемен соқтығысып, жол апатына ұшыраған. 

«Бүгін түнде Қазақстандық пара-таэквондошы, екі дүркін әлем чемпионы, Токио-2020 және Париж-2024 жазғы Паралимпиада ойындарына қатысушы Нышан Өмірәлі Елубайұлының дүниеден өткенін қайғырып хабарлаймыз. Оның өмірден озуы Қазақстанның Паралимпиадалық қозғалысы мен бүкіл спорт қауымы үшін орны толмас қайғы», - делінген хабарламада.

Нышан Өмірәлі 1993 жылы 11 мамырда Жамбыл облысында дүниеге келіп, саналы ғұмырын спортқа арнап, бала кезінен таэквондоға әуестеніп, әлемге танылды. Алғашқы бапкері, марқұм Ернұр Серікбайұлы Нарбековтың жетекшілігімен еңбек жолын бастап, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, +80 келі салмақ дәрежесінде (К44 класс) сынға түсті.

2014 жылы ол алғаш рет паратаэквондодан әлем чемпионы атанды, Қазақстан тарихына осы атаққа ие болған алғашқы спортшы ретінде енді.

2021 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері (Стамбул), Әлем Гран-при және Азия чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы.

2022 жылғы Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері (Ханчжоу).

Ол Қазақстанның атынан екі рет Паралимпиада ойындарында өнер көрсетті: Токио-2020 және Париж-2024.

Парижде өткен Паралимпиада ойындарында спортшы бесінші орын алды. 

Қазір оқып жатыр

Астанада вокзалдағы асхананың төбесі опырылып түсті

асхана

Алматыда полицей әкесінің өліміне байланысты күдікке ілінген екі жасөспірім үйқамаққа жіберілді

судья

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Александр Вучич

Өзбекстан құрамасы Конгоға есе жіберіп, әлем чемпионатындағы ойынын аяқтады

Өзбекстан құрамасы