USD
USD
USD

Францияда президент сайлауы өтіп жатыр

Францияда президенттік сайлаудың бірінші туры басталды, жексенбіде Нұр-Сұлтан уақытымен 12.00-де сайлау учаскелері ашылды.

Францияда президент сайлауы өтіп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Француз коммуналарының көпшілігінде сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша 19.00-ге дейін ашық болады, ал үлкен қалаларда, соның ішінде Парижде, Лион, Марсель, Ницца, Бордо, Тулуза және басқаларында 20.00-ге дейін жұмыс істейді.

Франция президенті жалпыға бірдей дауыс беру арқылы бес жылға сайланады. Сайлауға 49 миллионға жуық сайлаушы қатыса алады. Дауыс беру екі турдан тұрады, біріншісі - 10 сәуірде, екіншісі - 24 сәуірде өтеді. Екінші турда біріншісінен өткен екі кандидат бақ сынасады.

Бірінші кезеңде 12 саясаткер жоғары мемлекеттік лауазымға үміткер болады, олардың ішінде Францияның қазіргі президенті Эммануэль Макрон, "Ұлттық бірлестік" оңшыл партиясының жетекшісі Марин Ле Пен, "Республикашылдар" орталық-оңшыл партиясының кандидаты Валери Пекресс, оңшыл кандидат Эрик Земмур, "Жауланбаған Франция" солшыл партияның жетекшісі Жан-Люк Меланшон, Коммунистік партияның ұлттық хатшысы Фабьен Руссель, Париж мэрі Анн Иидальго, социалистер партиясынан үміткер, Еуропа - Экология - Жасыл" партиясының мүшесі Янник Жадо және басқалар бар.

Бірінші турдың алдында жарияланған сауалнамалардың нәтижесі бойынша Макрон жеңіске жетіп тұр. Ол Ле Пеннен аз ғана озған.

Elabe компаниясының сауалнамасына сәйкес, 8 сәуірдегі жағдай бойынша, Макрон бірінші турда 26 пайыз, ал Ле Пен 25 пайыз жинаған. 

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян