Референдум Референдум
USD
USD
USD

Францияда күй күмбірледі

Қазақтың  күйі  Франция төрінде әуеледі. Н.Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы»  оркестрі мен «Ұлытау» тобы Парижде концерт ұйымдастырды.

Францияда күй күмбірледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстандық өнер өкілдерінің думанды кеші аншлагпен өтті. Билеттер уақытысынан бұрын сатылып кеткен. Бұл жаңалықпен «Ұлытау» тобының  продюсері Қыдырәлі Болманов инстаграм желісінде бөлісті. «Қазақтың ұлттық мәдениетіне не деген риясыз қошемет! Мың алғыс, Франциядағы құрметті Қазақстан Елшілігі, мың алғыс Франция Халқына», - деп әдемі кештен бейнежазба жариялады.

Айта кетейік, Болмановтың жетекшілігімен құрылған «Ұлытау» бүгінде бірнеше жетістіктерге қол жеткізіп үлгерген. 2001 жылы Голливудта өткен Бүкіл әлемдік музыка орындаушыларының чемпионатында Бас жүлдені жеңіп алды.  2005 жылы Шешенстан және Ингушетия Республикасының Еңбек сіңірген халық әртістері атағын иеленген болатын. Топқа  алғашқы гран-приді сыйлаған, бағын жаққан  Құрманғазының «Адай» күйі. Ұлытау этно-рок тобы скрипка, электр гитара және домбыраның әсем үнін әуелетіп, қазақтың өнерін, күйін, дәстүрін насихат келеді. Қазақ халқының мәдениетін, шығармаларын, күйлерін әлемге таныту,  өскелең жас ұрпаққа домбыраның қадір-қасиетін дәріптеу - өнер ұжымының басты мақсаты.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

LRT

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Иэн Армитидж

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

Қарашығанақ кен орны

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты

Михал Лабенда