USD
USD
USD

Францияда қарулы шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды

Париж орталығында шабуыл жасады деген екі күдікті құрықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Францияда қарулы шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Франция Бас прокурорының мәліметінше, күдіктілердің бірі – бүгінгі шабуылдың басты фигуранты. Ол Париж операсы маңында қолға түскен. Ал екінші күдікті метрода ұсталыпты. Қазір оның аталған оқиғаға қатысының бар-жоғы анықталып жатыр. Шабуылды ел прокуратурасы теракт деп таныды. Қазір оқиға орны қоршауға алынған. Сақтық мақсатында аймақ тұрғындарына ол жерден аулақ жүруге кеңес берілген. Бірнеше сағат бұрын «Шарли Эбдо» журналының бұрынғы кеңсесі маңында қарулы шабуыл болды. Салдарынан 4 азамат жарақат алды. Екеуі ауыр халде ауруханаға түскен. Зардап шеккендер 2015 жылы «Шарли Эбдо» журналы кеңсесіне жасалған шабуылға қатысты істе куәгер болған. Сол кезде екі адам аталған редакцияға басып кіріп, 12 адамды мерт қылған еді. Шабуыл жасағандар Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын жариялағаны үшін басылымнан кек алғандарын мәлімдеген еді.

Қазір оқып жатыр

«Қызыл кітаптағы өсімдіктерге зиян тимейді»: Көкжайлаудағы SuperSki жобасы туралы не белгілі?

Almaty Superski

Депутат Ерлан Сайыр Моральдық кодекс әзірлеуді ұсынды

Ерлан Сайыров

«Asar Baspana» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды

рақымшылық

Экс-депутат Татьяна Савельева қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

Татьяна Савельева