USD
USD
USD

Францияда карантин жеңілдеді

14 наурыздан бастап Франция билігі COVID-19 пандемиясына қарсы күресте қатаң шараларды алып тастауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Францияда карантин жеңілдеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Вакцина сертификаты мен медициналық маска тағу шаралары жойылады. Бұл туралы бейсенбіде Франция премьер-министрі Жан Кастекс мәлім етті. «Біз санитарлық шараларды жеңілдетудің жаңа фазасына кірістік», - деді ол француз телекомпаниясына берген сұхбатында.
 

Өткен аптада француз үкіметі басқа да санитарлық шараларды кезең-кезеңімен алып тастаған болатын. 28 ақпанда жабық ғимараттарда маска тағу тыйымының күші жойылып, 2021 жылдың 10 желтоқсанынан бері жабық тұрған түнгі клубтар 16 ақпаннан бастап ашылады. Елде коронавирустың бесінші толқыны қаңтар айының соңында өршіп, бірнеше аптадан бері бәсеңсіп келеді.

Қазіргі уақытта Францияда бір аптада ауру жұқтырудың орта саны 58 мыңнан аз, бір апта бұрын 70 мың болған еді. Премьер-министр Ж. Кастекс медициналық мекемелерде «санитарлық өткізу» сақталатынын атап өтті.

Бұдан бөлек, медицина қызметкерлері үшін вакцина салу міндетті болып қала бермек. Қоғамдық көлікте, денсаулық сақтау ұйымдарында маска тағуға бәрі міндетті.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян