USD
USD
USD

Францияда дағдарыстан зардап шеккен тұрғындар ереуілге шықты

Францияда дағдарыстан зардап шеккен тұрғындар ереуіл өткізіп, жолдарды жауып тастады.

Францияда дағдарыстан зардап шеккен тұрғындар ереуілге шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Биліктің жүргізіп отырған саясатына қарсы наразылық акциясына кәсіпкерлер, саудагерлер, цирк қызметкерлері мен такси жүргізушілері қатысты. Ереуілшілер Париждегі экономика министрлігінің алдына жиналды. Такси жүргізушілері осы ведомство басшысымен кездесуді талап еткен. Олар эпидемиядан ең қатты зардап шеккендердің бірі. Өйткені салаға мемлекет тарапынан қолдау көрсету қарастырылмаған. Жиналған жұрт «үкімет қиын-қыстау кезеңде қаржылай қолдап қана қоймай, Uber секілді халықаралық онлайн-сервиспен бәсекені қорғауы тиіс», дейді. Негізі Париж билігі коронавирусқа байланысты көліктердің жүруіне рұқсат етілген көшелер санын қысқартқан. Бұл да жүргізушілердің ашуына тиді. Францияның кейбір елдермен шекарасы әлі ашылған жоқ. Ереуілге шыққандар турист саны азайып, көлікке сұраныс төмендегенін айтады.

 Франция такси жүргізушілері ұлттық кәсіподағының бас хатшысы Ибраим Беналь: «Билік талабымызға құлақ аспаса, ертең, тіпті арғы күні ереуілге шығамыз. Үкімет 100 милилард еуро бөлді. Оның 30 милиларды экологияны қолдауға бағытталған. Қыруар қаржы, мәселен, киттерді құтқаруға жұмсалады. Бұл дұрыс емес демеймін. Бірақ қазір ең басты мәселе – бұл коронавирус. Сондықтан ақша індеттен ең қатты зардап шеккен экономика секторларына бөлінуі тиіс. Қазір жеке кәсіпкерлердің барлығы өлместің күнін кешіп жүр. Жақында қайтадан оқшаулану тәртібі енгізілуі мүмкін. Сонда қалай күн көреміз?» деді.

Қазір оқып жатыр

Екі экс-министрдің арызынан кейін Гүлнар Бажкеноваға айыппұл салынды

Гульнара Бажкенова

«Әділет» партиясы Қазақстанның барлық өңіріндегі филиал басшыларын жасақтады

"Әділет" партиясы

Атырау облысында жеті әкім қоқыс үйіндісі үшін жауапқа тартылды

әкімшілік жаза

Түркістанда жол апатынан полиция капитаны көз жұмды

Бауыржан Қонысбеков