USD
USD
USD

Францияда автокөліктер өндірісін қолдауға ақша бөлінеді

 Франция үкіметі коронавирус індетінен зардап шеккен автокөліктер өндірісі саласына 8 млрд еуро бөлетін болды.  Бұл қаражат автокорпорацияларды қолдауға және көлік сатып алатын тұтынушыларға сыйақы төлеуге жұмсалады.

Францияда автокөліктер өндірісін қолдауға ақша бөлінеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Президент Эммануэль Макронның мәлімдеуінше, бұл шараның мақсаты компанияларды күйзелістен сақтап қалумен қатар, осы сәтті пайдаланып бүкіл саланы жаңғырту болып отыр. Бұл – 400 мыңдай адам еңбек ететін Франция экономикасының негізгі саласы. Үкімет жоспары бойынша, сыртқы тәуелділіктен құтылып, өз жұмысшыларын қорғап қалу үшін автокорпорациялар бүкіл өндірісін ел аумағына көшіруге тиіс. Сондай-ақ олар экологиялық таза көліктерді шығаруға көңіл бөледі. 

"Бес жылда электромобильдер мен гибридтердің жылдық өндірісін бір миллион данаға жеткізіп, экологиялық таза көліктер шығарудан Еуропада алға шығу керек. Бұл автоөндіріс саласының өкілдерімен бірлесіп қабылдаған жоспарымызға кіреді" деді Франция президенті.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков

Кәсіпкер Бейбіт Әлібеков пен ИК тобының мүшесі Азамат Маркленов Құрылтай сайлауына түседі

Құрылтай

Тоқаев Трампты АҚШ-тың Тәуелсіздік күнімен құттықтады

.