USD
USD
USD

Францияда парламент сайлауы болып жатыр

Францияда кезектен тыс парламент сайлауында дауыс берудің алғашқы туры басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Парламент сайлауы
Фото: euronews.com

Алматы, NEGE. Сайлаудың екі турында француздар ел Парламенті төменгі палатасының 577 мүшесін сайлайды. Елде мажоритарлық сайлау жүйесі сәйкес, кандидат толыққанды көпшілік дауыс алған жағдайда ғана жеңіске жетеді.

Сайлау учаскелері сағат 9:00-де ашылып, үлкен қалаларда сағат 21:00-ге дейін жұмыс істейді. Соңғы бөлім жабылғаннан кейін алғашқы экзит-полл нәтижесі белгілі болмақ.

Айта кетсек, сайлау өтуі тиіс уақыттан үш жыл бұрын және президент Макронның “Қайта өрлеу” партиясы Еуропарламент сайлауында әсіре оңшыл “Ұлттық қауымдастықтан” жеңілгеннен кейін үш апта өткен соң болып жатыр.

Жаңа парламенттің жоспары бір аптадан кейін, 7 шілдеде өтетін екінші турдан кейін белгілі болады.

Еске сала кетсек, 2022 жылғы парламенттік сайлаудың қорытындысы бойынша президенттік «Қайта өрлеу» партиясы мен оның одақтастары Ұлттық ассамблеядағы 577 депутаттық орынның 250-іне, ал әсіре оңшыл «Ұлттық қаукымдастық» партиясы 88 орынға ие болды. “Бағынбайтын Франция – NUPES”-те – 75, оңшыл «Республикашыларда» – 75, Социалистік партияда 31 орын болды.

Қазір оқып жатыр

Алматы, Шымкент, Түркістан және Ұлытау ЭКСЖ ұлттық жобасы бойынша артта қалды

.

Бозымбаев: Коммуналдық желілердің тозуын 2029 жылға дейін төмендетуіміз керек

.

Таразда 19 жастағы қызды алып қашқан Алматы облысының үш тұрғынына үкім шықты

блогер соты

Алматыда полицейлер жүзден астам автобусты айыппұл тұрағына алып кетті

Қоғамдық көлік