Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Франция Жан-Поль Бельмондомен қоштасты

Франция ұлттық кино аңызы Жан-Поль Бельмондомен қоштасты. «Жаңа толқын» символдарының біріне айналған актер дүйсенбіде 88 жасында дүниеден өтті. 

Франция Жан-Поль Бельмондомен қоштасты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  «Біз Жан-Поль Бельмондоны жақсы көреміз, себебі ол біз сияқты еді. Ұлылар арасындағы ұлы, бірақ ол ең алдымен адам болды. Жан -Пол Сартр оны осылай сипаттады. Біз оған таңданамыз, ол бізді күлдіре алды. Бельмондо біз сияқты, тек жақсырақ Бельмондо», - деді Франция президенті Эммануэль Макрон өзінің салтанатты сөзінде.

Актермен қоштасу рәсімі Париж мүгедектер үйінде өтті. Француз туымен жабылған Белмондо денесі бар табыт «Профессионал» фильміндегі Эннио Морриконенің әуенімен аулаға шығарылды. Композицияны әскери оркестр орындады. Коронавирус шектеулеріне байланысты қоштасу рәсіміне санитарлық рұқсатнамасы бар мың адам жіберілді. Қалғандары үшін сырттан үлкен экрандар орнатылды.

Жан-Поль Бельмондоны жерлеу рәсімі жұма күні таңертең өтті.

Қазір оқып жатыр

Іле Алатауы табиғи паркінде 13 гектар аумақ өртке оранды

Орман өрті

Қостанай елдің тәтті тағамдар астанасына айналуда: «Баян сұлу» жаңа жобаны іске қосты

"Баян сұлу"

Kinopark фильмдерді прокатқа шығару үшін 60 млн теңгеге дейін жарнама ақысын талап еткен

Kinopark

Қарағандыдағы дүкендердің бірінде кәсіпкер күрішті 160 пайызға қымбат сатқан

күріш