USD
USD
USD

Франция президенті зейнетақы реформасы туралы заңға қол қойды

Франция президенті Эммануэль Макрон зейнетақы реформасы туралы заңға қол қойды.

Франция президенті зейнетақы реформасы туралы заңға қол қойды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Құжат сенбі күні Франция Республикасының ресми газетінде жарияланды, деп хабарлайды ТАСС. 

«Осылайша, Әлеуметтік қамсыздандыру кодексіне өзгеріс енгізілді (...) Бірінші бөлімдегі «алпыс екі» деген жері «алпыс төрт» деген сөзбен ауыстырылды» делінген құжат мәтінінде.

Бұл жұма күні Францияның Конституциялық кеңесі зейнетақы реформасын ішінара заңды деп танып, зейнеткерлікке шығудың ең төменгі жасын 62-ден 64 жасқа дейін көтеру туралы негізгі бапты мақұлдағаннан кейін болып отыр.

Жұма күні республиканың Конституциялық кеңесі зейнетақы реформасының негізгі ережелерін мақұлдағаннан кейін Францияның бірқатар қаласында наразылық демонстрациялары өтіп, оның соңы тәртіпсіздік пен полицейлермен қақтығысқа ұласты.

Қазір оқып жатыр

Ne Prosto Orchestra Республика сарайын билет сатқаны үшін комиссия төлеуге мәжбүрлеп отыр деп айыптады

Ne Prosto Orchestra ұжымы

Үш өңір, үш дүрбелең: ҰҚК-нің жаңа төрағасы Марат Ирменов туралы не белгілі?

.

Жақыпов пен Отыншиевтің ұсталуы ҰҚК басшысының кетуіне әсер етті ме?

Ермек Сағымбаев

Дүниежүзілік банк Қазақстанға «7-20-25» бағдарламасын кезең-кезеңімен тоқтатуды ұсынды

Тұрғын үй