USD
USD
USD

Франция президенті үндеу жасайды

Франция президенті Эммануэль Макрон сейсенбі күні кешкісін республика тұрғындарына үндеу жасайды. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Франция президенті үндеу жасайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өткен аптада Франция үкіметінің өкілі Габриэль Атталь президент Э. Макронның үндеуі COVID-19 инфекциясының өршуіне, сондай-ақ кейбір экономикалық реформаларға арналатынын мәлімдеді. Сонымен қатар, Францияда, Еуроодақтың басқа елдеріндегі сияқты, коронавирус инфекциясының қарқыны соңғы айда айтарлықтай өсті.

«COVID-19 індеті Еуропада тағы да тез дамып келеді, континент тағы да пандемияның ошағына айналды», - деді Г. Атталь.

Өткен аптада Францияда инфекция жұқтырушылардың орташа саны 6200-ден асты, бұл көрсеткіш биыл қазан айының басында 4200-ден аз болған еді.

«Қайта вакциналау мәселесі сейсенбі күні таңертең Қорғаныс кеңесінің отырысында талқыланады. Кейін республика президенті қорытынды шығарады», - деді депутат Сильвен Майяр.

Үкімет өкілі Г. Атталь Э.Макронның ел экономикасын қалпына келтіру, үкіметтік реформалар бағдарламасы және басқа да мәселелер туралы айтатынын мәлімдеді. Президенттің үндеуі жергілікті телеарналарда сейсенбі күні сағат 20-да басталады.

Қазір оқып жатыр

84 медаль: Қазақстан Азиадада сегізінші орын алды

Төрехан

Көк-Жайлауда 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды

.

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі