USD
USD
USD

Франция Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді

Бүгін елге Франция Президенті Эмманюэль Макрон ресми сапармен келіп, Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөз жүргізеді, деп хабарлады Хабар-24.

Франция Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сауда, экономика, энергетика салаларындағы ынтамақтастық талқыланады. Биыл екі елдің тауар айналымы 20 пайызға өсті. Сарапшылардың пайымынша, Франция басшысының сапары осы серіктестікті жаңа сатыға көтеруі мүмкін.

Франция - ЕуроОдақ елдері арасындағы Қазақстанның негізгі серіктесі. Қос мемлекеттің алыс-берісі көп. 2005 жылдан бері француз кәсіпкерлері экономикамызға 18 млрд доллар құйды. Кәрі құрлықтағы қуатты елмен байланысты одан әрі нығайта беру маңызды. Саясаттанушылар осылай дейді. Олардың пікірінше, Астанадағы келіссөз өзара диалогты нығайтатын маңызды оқиға болмақ.

Қос тарап энергетика саласындағы байланысты дамытқысы келеді. Бірлескен жоба да көп. Соның бірі - Жамбыл облысында салынатын жел электр станциясы. Оның құны шамамен 2 миллиард доллар. Кәсіпорын тоқ тапшылығын шешуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, қос тарап уран өндірісін ілгерілетуге мүдделі. Бұл жағынан Қазақстанның ұпайы түгел. Уран қоры бойынша өзгелерден көш ілгеріміз.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар