USD
USD
USD

Франция мен Германия мигранттарды қабылдайды

 Франция мен Германия екі күн бұрын өрттен тып-типыл жанып кеткен Грекияның «Мориа» лагерінен 400 мигрантты қабылдайтын болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Франция мен Германия мигранттарды қабылдайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Германия Сыртқы ішкі істер министрі Хорст Зеехофер мәлімдеді. Жалпы лагердегі өрттен 13 мыңға жуық адам баспанасыз қалды. Олардың 4 мыңдайы – бала. Оқиғадан кейін канцлер Ангела Меркель жүздеген босқынды қабылдауға дайын екенін айтты. Еуроодақтың бірқатар елі де осындай мәлімдеме жасады.

Германия Ішкі істер министрі Хорст Зеехофер: «Еуроодақ елдерімен келіссөз нәтижесінде тағы он шақты мемлекет мигранттарды қабылдауға келісті. Олар кәмелет жасқа толмағандарды орналастыруға көмектеседі. Мәселеге қатысты өзге де елдермен келіссөз жүргізіліп жатыр», – деді.

 Лесбос аралындағы «Мориа» мигранттар лагеріндегі өрттен кейін мыңдаған адам далада қалған. Келімсектер қамыстан уақытша там тұрғызып, күнелтіп жатыр. Аралдан тек 400 бала Грекияның солтүстігіндегі миграциялық орындарға жеткізілді. Ал Афина: «Лагерьді осындағы өмір сүру жағдайы мен карантин режиміне көңілі толмаған мигранттардың өздері жақты», – деп отыр.

Қазір оқып жатыр

NEGE-нің атын жамылған жалған Telegram-арна пайда болды: редакцияның ресми мәлімдемесі

Nege

«Мен оларды танымаймын»: Петропавлдық блогер аза тұту күнінде билегені үшін қамауға алынды

Петропавл тұрғыны

Ресей Қазақстанға 1 млн рубльден артық қолма-қол ақша шығаруға тыйым салды

Рубль

Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады

Робот көмегімен ота жасау сәті