USD
USD
USD

Франция мен Германия дағдарыстан бірлесіп шығу ұсынысын жариялады

 Еуропа одағындағы көшбасшы елдер Франция мен Германия дағдарыстан кейін одақ экономикасын қалпына келтіру қорын құруды ұсынды, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл қаражат коронавирус пандемиясынан туындаған мәселелерді шешумен қатар, стратегиялық салаларда дербестікті қамтасыз етуге де жұмсалады.

Франция мен Германия дағдарыстан бірлесіп шығу ұсынысын жариялады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Франция мен Германияның мемлекет басшылары дағдарыстан бірлесіп шығу ұсынысын жариялады. Бұл бастама одақ ішіндегі экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға бағытталған. Жоспар әлі талқылаудан өтуі тиіс. Ангела Меркель мен Франсуа Макрон індеттен зардап шеккен экономиканың салаларына 500 млрд еуро мөлшерінде жәрдем қажет деп санайды. 

Германия канцлері Ангела Меркель: "Еуропа ұйымдасып әрекет ету тиіс. Ұлттық мемлекеттер дағдарыстан жеке өздері шыға алмайды. Еуроодақ тұрақты болған жағдайда ғана Германия қиындықтарын еңсере алады. Бізге бейбітшілік, еркіндік пен әр адамның амандығы қажет" деді.

Ұсынылып отырған қор экономиканы қалпына келтіру үшін керек. Болашақта жасалатын бюджеттік инвестициялар -  еуропалық өндірушілерге әлемде алға шығуға жол ашады.  Франция президенті Эммануэль Макрон: "Бұл 500 миллиард еуроны осы қаражатты пайдаланушылар ғана қайтармайтыны анық. Оны Еуроодақ мүшелері бюджеттерінің үлесіне сәйкес есептейміз. Немесе біз белгілейтін жарналар арқылы қайтара алады" деді.

  Франция мен Германия бастамасы Еуроодақ мүшелерінің әрекеттерін барлық бағытта үйлестіруге шақырады. Алғаш рет санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында күш біріктіру көзделген. Мәселен, дәрі-дәрмекті сатып алуда бірлескен, бірыңғай қор құру. Сонымен қатар шекараларды ашып-жабуға бағытталған қимылды үйлестіріп, бәріне ортақ санитарлық талаптарды сақтау.

Қазір оқып жатыр

Алматыда АИТВ жұқтырып, 13 жастағы қызды зорлады деп айыпталған ер адам сотталды

Қылмыстық іс

Таразда оқушы ата-ана құқығынан бас тартқан әкесінен алимент өндіріп алды

Оқушы

Қазақстанда алғаш рет 15 жастағы жасөспірімге жүрек трансплантациясы жасалды

Жүрек траснплантациясы

Қырымда Ан-26 әскери ұшағы жартасқа соғылып, 29 адам қаза тапты

Ұшақ апаты