Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Франция Мемлекеттік кеңесі мектептерде абайя киюге тыйымды қолдады

Франция мемлекеттік кеңесі оқу жылының басында үкімет енгізген, мектептерде абайя киюге салынған тыйымды қолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.

Франция Мемлекеттік кеңесі мектептерде абайя киюге тыйымды қолдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Елдің Жоғарғы әкімшілік сотының мүшелері бұл тыйым негізгі еркіндік құқықтарының (жеке өмір мен білім алу құқығы, дін еркіндігі және т.б.) ешбірін бұзбайды деп есептейді. Олардың пікірінше, ұзын, бүкіл денені жауып тұратын киім кию – «діншілдік көрінісі». Мемлекеттік кеңеске Action droits des musulmans (Мұсылмандар құқығын қорғау қозғалысы) жолдаған арыз қабылданбады.

Кейінгі әлеуметтік сауалнама қорытындысына сәйкес, оңшыл және солшыл француздардың 81% мектептерде абайя киюге салынған тыйымды қолдайды.

Жұма күні Клермон-Ферранада абайяны шешуден бас тартып, мектепке кіргізілмеген қыздың әкесін полиция бөліміне жеткізілген. Ол қызын кезекті рет мектепке кіргізбегеннен кейін директорға хабарласып, қоқан-лоқы көрсеткен.

Еуропаның басқа елдері оқушы қыздардың оранып жүруіне қалай қарайтынын бұған дейін жазған болатынбыз.

Ал Өзбекстан бірер күн бұрын бетті тұмшалап көшеге шығуға тыйым салатын заңды қабылдады.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстікте өзін ҚМА қызметкері ретінде таныстырғандар емхана басшысынан 15 млн теңге талап еткен

алаяқтық

Түркияда «Сүлейменшілер» діни қозғалысының жетекшісі қамауға алынды

Алихан Күріш

«Әкемнің көзқарасын ешқашан қолдаған емеспін»: Бейбіт Әлібеков мәлімдеме жасады

.

«Бақытжан Базарбек адамды қағып кетті» деген ақпарат тарады: полиция не дейді?

Базарбек