USD
USD
USD

Франция құрамасы Марокконы 2-0 есебімен ұтты

Қатарда футболдан өтіп жатқан 2022 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалының екінші ойынында Франция мен Марокко құрамалары кездесті. Ойынның алғашқы бесінші минутында-ақ француздар есеп ашты.

Франция құрамасы Марокконы 2-0 есебімен ұтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Гол авторы - Франция құрамасының қорғаушысы Тео Эрнандес. Ол акробатикалық секіріс жасап, допты Яссин Бононың қақпасына дөп соқты. Осылайша, Тео Эрнандес осы турнирде Марокко қақпасына доп салған алғашқы қарсылас футболшы атанды. 

Ойынның 80-ші минутында Франция құрамасы футболшылары бір деммен қақпаға лап қойды. Килиан Мбаппе бірнеше қарсылас футболшыны алдап соғып, қақпаға жақындап келіп Коло Муаниге пас берді. Ал ол алған допты сәтті жүзеге асыра алды. Есеп: 2-0.

Негізгі уақытта да қосымша берілген 6 минутта да, қанша тырысқанымен марокколықтар, жағдайды өзгерте алмады.

Осылайша Франция құрамасы футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының финалына шықты. Енді олар 17 желтоқсанда мундиалдың бас жүлдесін Аргентинамен өзара сарапқа салатын болады.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанда фемицид үшін Қылмыстық кодекске жеке бап енгізу ұсынылды

фемицид

Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады: полиция қылмыстық іс қозғады

Қылмыстық іс

Алматы соты «журналистерді қамап қойды» деген ақпаратты теріске шығарды

журналистерді қамап қойған

Маңғыстаудағы ауылдардың бірінде сексеннен астам үйдің ауласын су басты

су басу