USD
USD
USD

Франция құрамасы әлем чемпионатында Аустралия құрамасын ұтып кетті

Франция құрамасы Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионатын жеңіспен бастады.

Франция құрамасы әлем чемпионатында Аустралия құрамасын ұтып кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әл-Вакра қаласының төріндегі "Әл-Джануб" стадионында Аустралиямен кездескен Дидье Дешам шәкірттері айқын басымдықпен жеңіске жетті. Есеп 4:1.

Алдымен  минутта Крейг Гудвин "жасыл құрлықтың" өкілдерін есепте алға шығарса, 27 минутта Адриен Рабьо таразы басын теңестірді. Ал Оливье Жиру араға 5 минут салып "три колорды" алға шығарды.

Үзілістен кейін Килиан Мбаппе (68 минут) есепті еселесе, 71 минутта Оливье Жиру дубль авторы атанды. Осылайша Жиру құрама сапында өткізген 115 кездесуінде 51 голын соқты. Бұл көрсеткішпен "Милан" шабуылшысы Франция тарихындағы үздік сұрмерген Тьерри Анридің рекордын қайталады.

Енді Франция келесі ойынын 26 қараша күні Даниямен кездеседі.

Қазір оқып жатыр

Талғарда қылмыстық істі тоқтату үшін тегін демалмақ болған екі полицей ұсталды

Маңғыстау

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,25%-ға дейін төмендетті

Ұлттық банк

Alatau City Authority және прокуратура органдары инвесторлардың құқығын қорғау жөніндегі меморандумға қол қойды

Alatau City

«Балаңыз қатты дуаланған»: полиция алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын ескертті

алаяқтық