USD
USD
USD

Франция халқы зейнетақы реформасына наразылық білдіріп, шеруге шықты

11 наурызда Францияда зейнетақы реформасына қарсы миллионнан астам адам наразылық шеруіне шықты,- деп жазды Euronews порталы.

Франция халқы зейнетақы реформасына наразылық білдіріп, шеруге шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кәсіподақ мәліметінше, шерушілер саны миллионнан астам болса, елдің Ішкі істер министрлігі бұл мәліметті жоққа шығарды. Олар бүкіл Франция бойынша 370 мың адам наразылық білдіргенін айтты.

Шерушілер үкіметтің зейнет жасын 64 жасқа дейін көтеру ниетіне қарсы. Ел билігі бұл Францияның зейнетақы қорының қарызын азайтуға көмектеседі деп отыр.

"Зейнетақы реформасы бір бөлек, жалпы наразылық та жиналып қалды. Сондықтан көшеге шығу керек, шайқассыз ештеңеге қол жеткізе алмаймыз", - дейді наразылық білдірушілердің бірі.

Парижде қақтығыстар мен тәртіпсіздіктер болып, 30-дан астам адам ұсталды.

Қазір оқып жатыр

Ақын Ербол Бықыбаев терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Ербол Былықбаев

Хайнаньда 150-ден астам қазақстандық рейсті бір тәуліктен аса күтуге мәжбүр болды: Air Astana мән-жайды түсіндірді

 Air Astana

Трамптың ұлы мен мен Кремльге жақын кәсіпкер Қазақстанда кездесіп, іскерлік келіссөз жүргізген болуы мүмкін – БАҚ

Умар Кремлев, кіші Трамп

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID