USD
USD
USD

Франция Жаңа Каледонияға дербестік мәртебе беруге келісті

Париж маңындағы Буживаль қаласында Франция үкіметі мен Жаңа Каледонияның саяси көшбасшылары аралға автономиялық мәртебе беретін келісімге қол қойды.

Франция
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұл құжат Жаңа Каледонияға кең ішкі басқару еркіндігін, халықаралық байланыс жүргізу құқығын және жеке азаматтықты қамтамасыз етеді. Алайда толық тәуелсіздік берілмейді. Келісімді қабылдау үшін алдымен Франция парламентінің мақұлдауы қажет, кейін арал тұрғындарының референдумдағы шешімі ескеріледі.

Құжатқа Жаңа Каледонияның бірнеше саяси ұйымы қолдау білдірді, олардың арасында бұрын бір-біріне қарсы болған күштер де бар. Он күндік келіссөз нәтижесінде аралға автономиялық мемлекет мәртебесі берілетін болды.

Франция ақпарат құралдарының мәліметінше, Жаңа Каледония тұрғындары екі төлқұжат иелене алады – француз және болашақ республика азаматтығы. Сонымен қатар, олар сыртқы саясатта дербес әрекет етуге құқылы болады.

Франция президенті Эммануэль Макрон бұл келісімді «тарихи» деп бағалады.

«Бүгін – сенімге, тұрақтылыққа және болашаққа бағытталған ынтымақтастықтың күні. Біз ортақ болашақты бірге құрамыз», – деді ол.

Президент келіссөздерге қатысқан делегацияларды Елисей сарайына шақыратынын мәлімдеді.

Премьер-министр Франсуа Байру болса, Жаңа Каледонияның жаңа мәртебесі Франция Конституциясында көрсетілетінін айтты. Дегенмен ол үшін парламенттің келісімі мен аралдағы референдум қажет.

Жаңа Каледонияның болашағы жайлы пікірталастар бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. 2018-2021 жылдар аралығында үш референдум өтіп, тұрғындардың көпшілігі Франциямен байланыста қалуды таңдады. Соңғы референдумды байырғы канака халқы бойкоттаған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға көлік әкелу тәртібі өзгереді: жеке тұлғаларға қандай талап қойылады?

atameken.kz

Шахмұрат Мүтәліптің компаниясы Ауғанстанда теміржол салды

теміржол

Қазақстан бокс федерациясы Азиададағы Сабырхан мен Богданованың нәтижесіне наразылық білдірді

Махмұд Сабырхан, Наталья Богданова

Қазаннан бастап Алматыда айып тұрағындағы әр күн үшін көлік иелерінен 21 мың теңге алынады

Айып тұрағындағы көліктер