USD
USD
USD

Франция Газа секторынан босқындарды қабылдау бағдарламасын уақытша тоқтатты

Бұл шешім палестиналық студенттің антисемиттік көзқарастары қоғамда резонанс тудырғаннан кейін қабылданды. Бұл туралы DW басылымы хабарлады.  

босқынды қолдау
Фото: Anadolu Ajansı

Алматы, NEGE. Францияның Еуропа және сыртқы істер жөніндегі министрі Жан-Ноэль Барроның айтуынша, қазіргі уақытта ешқандай эвакуация шаралары жүргізілмейді.

«Біз тергеу нәтижелеріне сай тиісті қорытындылар жасамайынша, ешбір эвакуация болмайды. Бұған дейін келген палестиналықтар қосымша тексеруден өтеді», – деді министр.

Оның мәлімдеуінше, елге кірген студенттің әлеуметтік желідегі антисемиттік жазбалары дер кезінде анықталмағаны өкінішті. Министр бұл студент Франция аумағында болмауы тиіс екенін айтты.

Француз газеті Le Monde-ның деректеріне сәйкес, 2023 жылдың қазанынан бері Франция Газа секторынан 500-ге жуық адамды эвакуациялаған. Олардың қатарында балалар, журналистер, студенттер және өнер өкілдері болған.

Антисемиттік мәлімдемелер жасаған 25 жастағы палестиналық студент Нур А. – Лилль қаласындағы Sciences Po жоғары оқу орнының студенті. Ол Франция визасын Иерусалимдегі француз консулдығынан алған. Алайда, оның әлеуметтік желідегі жарияланымдары алдын ала тексерілмеген. Жазбаларында ол Адольф Гитлердің суреттерін жариялап, еврейлерге қарсы ашық шақырулар жасаған.

2023 жылы Нур А.-ға Франция Мәдениет министрлігі тарапынан «Франкофония» сыйлығы табысталған. Сонымен қатар, Sciences Po Лилль институтының директоры оны жеке пәтерінде қабылдаған.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс