USD
USD
USD

«Фосфоршылар» мәдениет үйі жастар сарайына айналады

Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков хабарлады. 

«Фосфоршылар» мәдениет үйі жастар сарайына айналады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Айтуынша, Шымкент қаласында бірнеше жылдан бері қараусыз бос тұрған «Фосфоршылар» мәдениет үйі Жастар сарайы ретінде қайта қалпына келтіріледі.

«Шымкент қаласында бірнеше жылдан бері қараусыз бос тұрған «Фосфоршылар» мәдениет үйі бойынша жақсы жаңалығым бар. Өздеріңіз білетіндей, бұл ғимарат «Дархан групп» серіктестігінің меншігіне жататын еді. Шымкент қаласының әкімдігі қалалық прокуратура мен мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментімен бірлесіп, мәдениет үйін қаланың коммуналдық меншігіне қабылдау бойынша алгоритм әзірлеген болатын. 13 қараша күні «Фосфоршылар» мәдениет үйін қаланың коммуналдық меншігіне қайтару бойынша келісімге қол жеткізілді. Ары қарай ғимаратты көпфункционалды Жастар сарайы ретінде қайта қалпына келтіру және аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілетін болады», - деп жазды Ғабит Сыздықбеков. 

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар