USD
USD
USD

«Фосфор» ауруханасы инфекциялық стационар ретінде жұмыс істеуде

Шымкент қаласының №2 қалалық аурухана инфекциялық стационар ретінде ашылып, жұмыс істеуде.

«Фосфор» ауруханасы инфекциялық стационар ретінде жұмыс істеуде
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Қазір медицина мекемесінде мамандар ковидке және пневмонияға шалдыққан науқастарды қабылдап жатыр.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 250 төсек-орынға дайындалған инфекциялық стационардың жұмысымен танысып, емдеу мекемесін аралап көрді.

Инфекциялық стационарда 200-ден аса медицина маманы жұмыс істейді.. Мұнан бөлек, науқастарға оңалту емін жүргізу үшін аурухана базасынан қосымша 100 төсек-орын ашылмақ.

Айта кетейік, ауруханада ашылған инфекциялық стационарда төсек-орындардың барлығы оттегі нүктесімен қамтылып, үш айлық дәрілік қоры дайындалған. Сондай-ақ, 53 жасанды тыныс алу аппараты, КТ, цифрлы рентген сынды инфекцияға шалдыққан науқастарды емдеуге қажетті жабдықтардың барлығы бар.

Ал медицина мамандары науқастарға қажетті оттегіні аурухананың жанынан ашылған оттегі цехынан тасымалдайтын болады.

Қазір оқып жатыр

Семейде газгольдер жарылып, өрт екі үйге жайылды

.

Студентті екі аяғынан айырған жол апаты: Арыс әкімінің ұлына қатысты іс тоқтатылғаны мәлім болды

Жол апатында аяғынан айырылған студент

Қасым-Жомарт Тоқаев тілді саясиландырмауға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев, Наталья Бочарова

TikTok-та мысықтың құлағын тістеп, қинаған 43 жастағы ер адам жазаға тартылды

Жануарды қинаған ер адам