USD
USD
USD

Форт-Шевченко әкімі мас күйде көлік жүргізгені үшін жазаланды

Форт-Шевченко әкімі Шалқыбай Әзірбаев жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Форт-Шевченко әкімі мас күйде көлік жүргізгені үшін жазаланды
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. Бұл туралы lada.kz хабарлады Сайт мәліметінше, шенеунік жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған және он бес тәулікке қамауға алынған. Бірақ Әзірбаевтың өзі кінәсін мойындамаған. Ал ішімдік иісін сырқатына байланысты мойнына спирт жаққанына байланысты деп түсіндірген. 

"Сот Әзірбаев "Ақтау-Форт-Шевченко" тасжолының 3-шақырымында Toyota Camry маркалы көлікті мас күйде жүргізгенін анықтады. Медициналық куәландыру қорытындысы бойынша психобелсенді затты пайдалану көсеткіші 0,73 пайыз. Жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаңдық", - деді Түпқараған аудандық сотының баспасөз қызметі өкілдері.

Сот қаулысы бойынша, Шалқыбай Әзірбаев ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алу және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза тағйындалған, деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Форт-Шевченко қаласының әкімі Шалқыбай Әзірбаев Желіде тараған кадрларда "төрт күн демалғанын" айтады. Шенеунікті оқиға куәгерлері қоршап алған, қасында полицейлер де тұр. Қала басшысы мас күйінде көлікті қандай себеппен басқарғанына түсінік бере алмаған.

Қазір оқып жатыр

Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды

Ләззат Танысбай

141 депутат қолдады: Ерлан Қарин вице-президент лауазымына тағайындалды

Ерлан Қарин

Президент премьер-министр қызметіне Олжас Бектеновті қайта тағайындауды ұсынды

Бектенов

Тоқаев вице-президент лауазымына Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды

Ерлан Қарин