USD
USD
USD

Форт-Шевченко әкімі 15 тәулікке қамауға алынады – видео

Форт-Шевченко әкімі Шалқыбай Әзербаев Түпқараған ауданы сотының шешімімен 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынады, деп хабарлайды Lada.kz.

Форт-Шевченко әкімі 15 тәулікке қамауға алынады – видео
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Прокурордың нұсқасы бойынша Шалқыбай Әзербаев көлікті мас күйінде жүргізген. Ал шенеуніктің өзі ауырғандықтан спиртпен мойнымды сүрттім деп ақталды. «Сот Әзербаевтың Актау – Форт-Шевченко тас жолының үшінші шақырымында жеңіл дәрежеде мас күйінде автокөлік басқарғанын анықтады», – деп мәлімдеді Түпқараған аудандық сотының баспасөз қызметі.

Бұл үшін 15 тәулікке қамау және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру жазасы қарастырылған.

«Сот отырысында Әзербаев кінәсін мойындаған жоқ. Ішімдік ішпегенін, ауырғандықтан спиртпен мойнын сүрткенін айтты. Прокурор оны кінәлі деп тауып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу және 7 жылға көлік айдау құқығынан айыру жазасын беруді сұрады», – деді соттың баспасөз қызметі.

Сот прокурордың өтінішін қанағаттандырды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Үкімет басшысы лауазымында қалған Бектенов Президентке қандай уәде берді?

Олжас Бектенов

Вакансияны жарияламай адам алған жұмыс берушілерге айыппұл салынуы мүмкін

Іс

Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды

Ләззат Танысбай

141 депутат қолдады: Ерлан Қарин вице-президент лауазымына тағайындалды

Ерлан Қарин