25 Қараша 10:14
...

ForteBank экобизнеске қолдау көрсетуде

ForteBank
Фото: ForteBank

Петропавлдағы ауыл шаруашылық компаниясы ForteBank арқылы несие алып, «жасыл» технологияларға көшудің арқасында жылыту шығындарын 4 есеге қысқартып, зиянды заттардың шығарылуын азайтты.

Инновацияның мәні неде? «Диқаншы» ЖШС – ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуші және экспорттаушы компания – бұрын ғимараттарды орталықтандырылған қалалық желі арқылы жылытып келген.

Алайда, бұл үлкен шығындарға және зиянды заттардың шығуына әкелетін. Осы екі көрсеткішті төмендету үшін компания қуаты 300 кВт болатын, биомассада жұмыс істейтін пеллеттік қазандықтар орнатуды шешті.

Пеллеттер – өсімдік шикізатынан алынатын жанғыш түйіршіктер. Мұндай ауыл шаруашылық өнімі – қоқыс пен зығыр қауыздары – «Диканшы» ЖШС-де молынан бар еді. Маусымда ғимараттарды жылыту үшін шамамен 165 тонна пеллет қажет, ал компания оны өзі өндіргендіктен, биомасса сатып алуға қажеттілік болмады.

ForteBank
Фото: ForteBank

Қаржыландыру қалай өтті? Экологиялық өндіріске көшу белгілі бір қаржылық инвестицияларды талап етеді. Сондықтан компаниялар «жасыл» технологияларды несиелеу үшін банктерге жиі жүгінуде.

ForteBank-пен төртінші жыл қатарынан серіктес болып келе жатқан «Диканшы» ЖШС 60 млн теңге көлемінде транш сұрап, пеллеттік қазандық орнату жобасын қаржыландырды. Жоба мақұлданып, төмендетілген субсидия мөлшерлемесімен «Даму» қорының қолдауымен жүзеге асырылды.

ForteBank – шағын және орта бизнес пен ірі кәсіпкерлікті несиелеу бойынша 1,1 трлн теңгелік портфелімен Қазақстандағы алғашқы үштікке кіретін банк – мәміленің кепілі ретінде дайындықпен қолдау көрсетті.

«Қолайлырақ несие мөлшерлемесі арқасында қазақстандық кәсіпорындар қоршаған орта мен қоғамға оң әсер ететін жобаларды жүзеге асыра алады. Біздің «Диканшы» компаниясымен әріптестік мысалында көріп отырғанымыздай, мұндай бастамалар экологиялық қана емес, экономикалық нәтиже береді. Отандық компанияларды қаржыландыру арқылы банктер кәсіпкерлерді қолдап қана қоймай, климаттың өзгеруімен күреске үлес қосады. Қаржы институттары өз қызметін де тұрақты даму қағидаттарына сүйене отырып өзгертуде», – деді ForteBank-тің шағын және орта бизнес бағытының жетекшісі Ғани Мақсұт.

ForteBank
Фото: ForteBank

Компания қандай артықшылықтарға қол жеткізді? Орнатылған қазандық автоматты қуат реттегіштермен жабдықталған, ал мұндай мүмкіндіктер ағаш пен көмір қазандықтарында болмайды. Жаңартылған техника компания ғимараттарындағы температураны реттеуге мүмкіндік беріп, жұмыс істеуге және тауарды сақтауға жайлы жағдай жасайды.

«Біздің дәстүрлі жылумен қамтамасыз етумен салыстырғандағы жылыту шығындарымыз шамамен 4 есеге, яғни жылына 8,2 млн теңгеге қысқарды. Бұл инвестицияларды алты жылыту маусымында қайтаруға мүмкіндік береді», – деп түсіндірді «Диканшы» ЖШС қаржы директоры Вячеслав Сутулов.

Оның айтуынша, ForteBank-тің кредиттік менеджерлерінің жедел жұмысы, несиелеу процесінің автоматтандырылуы және «жасыл» технологияларға қатысты лоялдылығы компанияны ерекше қуантып отыр.