4 Қазан 16:10
...

Форсайт форматында алғаш рет жастарға жан-жақты қолдау көрсетілді

Фото:

Сәтбаев университетінде оқу орны ұжымының, студенттердің,  магистранттар мен докторанттардың қатысуымен форсайт сессиясы өтті.

Алматы, NEGE. Шараның мақсаты – президенттің жолдауы аясында ғылым мен техника саласында жастар саясатының өзекті міндеттері мен мәселелерін талқылау, жастармен белсенді түрде диалог құру.

 Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Ұлттық ғылым академиясының мерейтойлық сессиясында: «Ғылым, технология және инновацияны дамыту – елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі бағыттарының бірі. Біз отандық ғылымның басымдықтарын халықаралық талаптар мен ұлттық мүдделерге сәйкес анықтаймыз. Сәтбаев Университеті – Қазақстандағы техникалық білімнің флагманы, еліміздегі жалғыз ұлттық ғылыми-техникалық университет. Сондықтан ол жаңадан ашылатын техникалық университеттер үшін ғылыми-өндірістік базаға айналуы тиіс. Біз еліміздегі жалғыз техникалық университеттің негізгі даму бағдарламасын бекітіп, оның негізінде инженерлік білім мен ғылым бағытындағы жаңа технологиялардың зерттеу орталығын құруымыз керек» деп атап өткен-ді. 

         Форсайт сессиясының шымылдығын Сәтбаев Университетінің Басқарма мүшесі-Корпоративтік  даму және стратегиялық  жоспарлау жөніндегі проректоры Ержан Итеменұлы Көлдеев ашып, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы аясында жастармен белсенді диалог құруды, ғылым мен технология саласындағы жастар саясатының өзекті мәселелерін талқылауды тапсырғанын тілге тиек етті. «Соған орай, бүгінгі Бүгін біз жиынымызды жаңа форсайт форматында алғаш рет жастарға жан-жақты қолдау көрсетуге арналады. Форсайт – бұл ғылым мен технологияның даму тенденцияларын бағалайтын жүйелік болжамдар. Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының мерейтойлық сессиясында Сәтбаев Университеті Қазақстандағы техникалық білімнің флагманы, ұлттық ғылыми-зерттеу техникалық университетінің бірегейі деп атап өтті. Қазіргі 1,5 жылда жасалып жатқан жұмыстар Сіздердің көз алдарыңызда және болашақта жасалынатын жұмыстарға бірге куә боламыз деп сенемін. Бірігіп жаңа Политех құрамыз және жандандырамыз! Бірігіп көтерген жүк жеңіл демекші, күшіміз бірлікте! Форсайт сессиясында айтылатын барлық ұсыныс, идеялар назардан тыс қалмайды және олар міндетті түрде "Аманат" партиялық желісі бойынша да көрініс табады», – деп атап өтті. 

   – Атап айтқанда, партия адами капиталды дамытуға және әл-ауқатты арттыруға үлкен көңіл бөлетінін атап өткім келеді. Қазірдің өзінде біздің жас ғалымдарға қолайлы жағдай жасау және олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту,  ғылыми қызметтері жайлы болуы үшін басты міндеттер қойылды. Университет стартапқа 6 млн теңге бөлді,  3 машина жасалды және іссапарға 11 млн теңге бөлді. Студенттерге, магистранттар мен докторанттарға ақ жол тілейік! Елімізге жеңіспен оралсын. Жас ғалымдарды қолдау шеңберінде 10 гранттық ғылыми жоба, 10 жас ғалым жобасы жүргізілуде, қазіргі таңда ҚР ҒжЖБ министрлігінің Жас ғалым байқауына конкурс жарияланды. Осы аптада алдағы 3 жылға арналған үлкен гранттарға конкурс жарияланады. Соған барлығымыз жұмыла қатысайық, – деді. 

«Ардагерлер алқасының» төрағасы Ұлықпан Сыдықов сөз алып, болашағымызды жарқын ету үшін білімді жастар керек. Қазіргі заман талабына сай заманауи озық технологияларды игеру, кез келген жас болашақтың қолынан келетін іс деген пікірін қосты. Одан кейін сөз алған «Жастар рухы» жастар қанатының Алматы қалалық филиалының төрағасы Әкежан Кеңесов те өз ағалық тілегін арнап, «Болашақтың кілті – жастарда» деген қағиданы естен шығармау керектігі туралы айтты.

Тегтер: