USD
USD
USD

Форбс тізіміндегі белгілі кәсіпкерге заңсыз берілген Алматы облысындағы жайылымдық жерлер қайтарылды

Алматы облысының прокуратурасы ел басшылығының тапсырмасын орындау шеңберінде Еңбекшіқазақ ауданындағы 3500 гектар жерді қайтарып берді, деп хабарлады Алматы облысының прокуратурасы. 

Форбс тізіміндегі белгілі кәсіпкерге заңсыз берілген Алматы облысындағы жайылымдық жерлер қайтарылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 2017 жылы Форбс тізіміндегі белгілі кәсіпкерге оларды шалғайдағы (маусымдық) мал шаруашылығына арналған жерлер құрамынан шығару жолымен заңсыз берілген.

Қазіргі уақытта үшінші тұлғаларға жерді қайта беру фактілерін болдырмау мақсатында аталған жерлерді жергілікті тұрғындар үшін қоғамдық жайылымдарға беру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, жыл басынан бері жоғары лауазымды тұлғалар мен ірі бизнесмендерге тиесілі 26,8 мың га жер, кадастрлық құны 714 млн.теңге мемлекет пайдасына қайтарылды.

Бұл жерлер жылдар бойы мақсатына сай пайдаланылмаған, жемшөп дақылдарын өсіру жүзеге асырылмаған, осы шаруашылықтардың балансында ауылшаруашылық жануарлары да болмаған. Қоса айтқанда, басқа адал фермерлер егістік және жайылымдық жерлерге өте мұқтаж болған.

Қазір оқып жатыр

Алматы 265-орында: Қазақстанның үш қаласы әлемдік рейтингке енді

Алматы

Нақты дерек пен қауесет: Almaty Superski жобасына қарсы шыққан «экобелсенділердің» уәжі неге сенімсіздік тудырады?

Almaty Superski бойынша өткен баспасөз мәслихаты

КҚК-ға жасалған шабуылдардың салдары Қазақстан экономикасына қалай әсер етті?

КТК

Акция анда-мында. ERG НЕГЕ 1,7 триллион теңгеге бағаланды?

ERG