Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Forbes журналы олимпиадалық форманың үздік 8 дизайнын анықтады

Танымал Forbes журналы олимпиадалық форманың үздік 8 дизайнын анықтады. Журналдың шолушысы Стефан Рабимов түзген үздік униформалар рейтингінде Қазақстан командасының формасы да бар, деп хабарлайды Olympic.kz.

Forbes журналы олимпиадалық форманың үздік 8 дизайнын анықтады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Үздік формалар тізіміне #teamKZ атлеттерінен бөлек, АҚШ, Либерия, Ресей, Чехия, Қытай, Оңтүстік Африка және Жапония командаларының формасы енген.

Қазақстан командасының формасын сипаттай келе, автор түстердің жақсы үйлесім тапқанына, ең бастысы – жобадағы командалық жұмыстың жоғары болғанына ерекше назар аударады. Өйткені, форманы дайындау барысына спортшылар да қатысқан болатын.

«Қазақстан командасының отыз бес мүшесі форманы дайындау барысына тікелей араласты. Дизайнер Салтанат Баймұхамедова матаны, түсті және декоративті элементтерді таңдау кезінде командамен бірлесе жұмыс істеген. Бұл спортшылардың қолдауды сезінуіне, олимпиадаға апарар жолда шабыттануына әсер етті. Аспан түстес көк түс қазақ даласындағы шегі жоқ аспанды еске салады. Бұл ел астанасы мен Алматы қаласының сән орталығы екенін одан әрі айқындап, екі қала арасындағы мәдени бәсекелестікті де арттыра түседі. Олимпиадалық рух дұрыс насихатталса, бәрі де жеңіске жетеді», - деп жазды автор.

Униформаның таныстырылымына, сондай-ақ, арнайы фотосессияға қазақстандық олимпиадашылар қатысты.

Қазір оқып жатыр

«Әділет» партиясы: Қазақстан шикізатты аз, дайын өнімді көп сатуы керек

Айбек Дәдебай

ҚХП алимент бойынша берешекті өтеу үшін арнайы қор құруды ұсынды

Нұрсұлтан Шоқанов

«Байтақ» төрағасы: Біз Экономика және Қаржы министрлігін алмастырмаймыз

дебат

Іле Алатауы табиғи паркінде 13 гектар аумақ өртке оранды

Орман өрті