30 Желтоқсан 19:16

Forbes көшбасшылары сапқа тұрса...

Фото:

Бір ғасырдан астам уақыт бұрын (1917 жыл) негізі қаланған америкалық Forbes журналы бүгінде салмақты басылым. Оның жылдық қорытындысымен келіспейтіндер қатары аз.

Алматы, NEGE. Әзірге қаржылық-экономикалық БАҚ ретінде көш бастайды. Негізгі бағыты қаржы болғасын онда кіл кәсіпкер шығуға құмар. NEGE.KZ ұжымы осыған дейін жарияланған деректерді негізге алып, жаһандық һәм қазақстандық кәсіпкердің үздік ондығын тағы бір мәрте мақалаға арқау етті. 

Баршамызға белгілі Google брендін қалыптастырып, оны үздіктердің бірі еткен Ларри Пейдж оныншы тізімде. 

Қаржылық ақпарат пен құндылықтың қайнар көзі атақты Bloomberg компаниясының басшысы Майкл Блумберг те үздік ондықта. Кезінде Нью-Йорк қаласының мэрі болған Майкл келер президенттік сайлауға түсуге дайындалып жатқанын оқырман қауым жақсы біледі. 

Сегізінші орынға жайғасқан өнертапқыш-кәсіпкер – Марк Цукерберг. Facebook секілді әлемдік әлеуметтік желінің қожайыны 62 млрдтан астам АҚШ долларымен бүгінгі шығарылымда. 

Жетілікке жайғасқан – Ларри Элиссон

Zara киімдерін жаһанға таратушы Амансио Ортега алтылыққа шықты. 

Бестікке көпке белгілі – Карлос Слим Элу.

Біреу білсе, біреу білмес Майкл Блумбергтің серіктесі Бернар Арно әлемдік рейтингтің төртінші орнында. Арно еншісінде аты әлемге белгілі Louis Vuitton Moët Hennessy компаниясы бар. 

Атақты инвестор Уоррен Баффет рейтингтегі орнын нықтап үшінші орынға жайғасты. 

Жаңа технологияны табыс көзіне айналдыра білген Билл Гейтс жер жүзіндегі ең бай екі адамның бірі.  К

Көшті бастаған – Джефф Безос. Осы жылы жұбайымен ажырасып, қаражаттың басым бөлігі берілу керек еді. Десе де жоқтан бар жасап, Amazon секілді онлайн дүкенді ашып, жандандырған ол алдағы уақытта қаржысын еселей алатынына сенімдіміз. 

Қазақстанда да миллиондаған, миллиардтаған АҚШ доллары көлемінде қаржы табатындар жетерлік.

Еліміздегі Forbes Kazakhstan басылымының дерегіне сүйенсек, Astana Group президенті Нұрлан Смағұлов оныншы орында. 

Тоғызыншы орынға жайғасқан – Бақытбек Байсеитов.

Ғалымжан Есенов атты азамат сегіздікке енді. 

Кеңес Рақышов болса, тізімде жетінші тұр. 

Рашит Сүлейменов алтылықтан орын алды. 

Қазақстанда 5 долларлы миллиардер бар. Соның бірі – Алиджан Ибрагимов

Отбасылы Тимур және Динара Кулибаевтар бірдей қаржы көлемімен үштікке енді. 

Екінші орында – Болат Өтемұратов

Ал, Қазақстандағы ең бай адам ретінде бірнеше жылдан бері Владимир Ким есімі аталып келеді.

NEGE.KZ

Тегтер: