USD
USD
USD

Forbes тізіміндегі қазақстандық кәсіпкер Жұманбаевқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Forbes тізіміндегі қазақстандық кәсіпкер Владимир Жұманбаевқа қатысты қылмыстық істің тоқтатылғанын хабарлады.

Владимир Жұманбаев
Фото: әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. 19 маусымда кәсіпкер Қырғызстанға келіп, жедел-іздестіру шараларына қатысқан.

«Бұған дейін тағылған айыптар Жұманбаевқа қатысты ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметіне қатысы жоқтығына байланысты алынып тасталды. Жұманбаевқа қатысты сотқа дейінгі өндіріс тоқтатылды», - делінген ведомство хабарламасында.

Маусымның 5-і күні көрші елдің Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті іздеуде жүрген «Қазақмыс Холдинг» ЖШС топ-менеджері мен «Алтын Алмастың» акционері Қаражырға қатысты ақпарат таратқан. Хабарламада оның Қамшыбек Асанбектің (Қамшы Көлбаев) ұйымдасқан қылмыстық тобын қаржыландырды деген күдікке ілінгені айтылған.

Қазақмыс корпорациясы мұны бірден жоққа шығарды.

Forbes.kz-тің 2024 жылғы рейтингі бойынша Владимир Жұманбаев Қазақстандағы ең бай 75 кәсіпкердің тізімінде 25-ші орында тұр. Оның активтері 365 миллион долларға бағаланған.

Қазір оқып жатыр

Әл-Фарабидегі жол апаты: Zeekr жүргізушісі 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Александр Пак

ҰБТ басталған алты аптаның ішінде 624 талапкердің нәтижесі жойылған

ҰБТ

CTS Астанадағы LRT-ның келесі кезеңіне Қытай биржасынан инвестиция тартыла ма?

.

Мәжіліс төрағасы Брест қамалы музейіне Хиуаз Доспанованың мүсінін сыйға тартты

Ерлан Қошанов