USD
USD
USD

Forbes тізіміндегі бизнесмендер мен Назарбаевтар отбасы Қазақстанның салық борышкерлері тізімінде көш бастады

Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылдың 1 қазанына арналған елдегі ең ірі салық борышкерлерінің тізімін жариялады.

Қаржы министрлігі
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Курсивтің» хабарлауынша, үздік ондыққа танымал бизнесмендерге және Қазақстанның Тұңғыш Президентінің отбасына тиесілі компаниялар кірген.

Тізімнің көшбасында Алматыда тіркелген «Ai-To Progress» ЖШС, оның мемлекет алдындағы қарызы 110,1 млрд теңге. Компанияның иесі – Даурен Молдағалиев. Екінші орында, Талғардағы «Tex Alliance» ЖШС, оның қарызы 95,9 млрд теңге. Екі кәсіпорын да көтерме саудамен айналысады және бұрын Бас прокуратураның контрабандалық істерге қатысты тергеулерінде аталған.

Үшінші орында, «Alpha-bet» ЖШС (Алматы), ол құмар ойындарды ұйымдастырумен айналысады және оның қарызы 92,4 млрд теңге. Төртінші орында – «Group of the companies TDA» ЖШС, ол Тұңғыш Президенттің әпкесі Әнипа Назарбаеваға және Әли Қлышпаевқа тиесілі. Компанияның қарызы 90,3 млрд теңге, және ол да Қытайдан тауар контрабандасына қатысты іс бойынша аталған.

Бесінші орынға «OLIMP KZ» букмекерлік кеңсесі енген, оның қарызы 83,7 млрд теңге.

Тізімдегі басқа компаниялар қатарында:
– «GB Invest» – 46,2 млрд теңге;
– «Кастинг» – 18,7 млрд теңге, оның тең иесі – миллиардер Рашит Сарсенов;
– «Бірлескен кәсіпорын KazGerStroy» – 9,4 млрд теңге, ол Айдар Лазаров және Бауыржан Нұрсұлтанменбайланысты, БАҚ деректері бойынша, ол – Қайрат Сатыбалдының ұлы;
– «Aktobe Smart Tech» – 5,3 млрд теңге, ол Исламбек Салжановпен және Alageum Electric компаниясының иесі Сайдулла Қожабаевпен байланысты. Бұрын компания заңсыз криптовалюта майнингі ісінде аталған;
– Тізімді «БатысНефтеТрэйд» жабады, оның мемлекет алдындағы қарызы 3,7 млрд теңге, иесі – Берік Боранбаев.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында жылқылар қолайсыз ауа райының салдарынан қырылып жатыр

Маңғыстау облысы

Теміржолшылар үшін қолжетімді баспана бағдарламасы басталды

Баспана

«Жасанды тыныс алу аппараты болмаған»: Қарағандыда бүлдіршіннің өліміне қатысты тексеріс жүргізіледі

Денсаулық

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Полиция, Әл-Фараби даңғылы