USD
USD
USD

Forbes Қазақстан олигархтарының тізімін арттырды

Forbes жетекші іскерлік журналы Қазақстанның ең бай бизнесмендерінің рейтингісін 75 бай-бағланға дейін арттыру туралы хабарлады.

байлар тізімі
Фото: Halyk-uni.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Ulysmedia.kz жазды.

Жыл сайынғы рейтингке тағы 25 кәсіпкерді қосу туралы шешімді Forbes Kazakhstan баспагері Арманжан Байтасов хабарлады.

"Бүгін Forbes Kazakhstan аналитикалық тобының жетекшісі Ардақ Бөкеева екеуміз осы жылдан бастап Қазақстанның ең бай бизнесмендерінің рейтингісін 75-ке дейін арттыруды жөн көрдік. Біздің сарапшылар тобының енді жұмысы артады, ал оқырмандар үшін көптеген жаңа ақпарат пайда болады", - деп жазды ол әлеуметтік желілерде.

Forbes журналының қазақстандық нұсқасы 2011 жылы жарық көре бастады. Осы уақыттан бастап басылым жыл сайын ҚР-дағы ең бай елу бизнесменнің тізімін жариялап келген-ді.

Өткен жылы рейтингтің көшін Владимир Ким бастады. Алғашқы ондыққа Тимур мен Динара Құлыбаева, Вячеслав Ким, Тимур Турлов, Болат Өтемұратов, Ибрагимовтер отбасы, Сәрсеновтер отбасы және Нұрлан Смағұлов кірді

Қазір оқып жатыр

Ресейдегі жанармай тапшылығы: тасымалдаушылар Қазақстан бағытын қарастырып жатыр

Жүк тасымалдаушылар

«VIP-клиенттерге есірткі әзірлеген»: Алматы облысында қылмыстық смеха әшкереленді

есірткі

Қазақстан екі халықаралық банктен 460 млрд теңгеден астам қарыз алады

ақша

Батыс Қазақстан инвестиция тартуда қандай артықшылықтарға ие?

БҚО, инвестиция