USD
USD
USD

Flydubai Қазақстан, Ресейден бөлек бірқатар елдерге рейстерді уақытша тоқтатты

Біріккен Араб Әмірліктерінің мемлекеттік әуе компаниясы Flydubai бірнеше бағыт бойынша, оның ішінде ТМД елдеріне рейстерін уақытша тоқтатты. 

Рейс
Фото: ғаламтордан

Алиаты, NEGE. Бұл шешім Израиль мен Иран арасындағы шиеленіске байланысты қабылданды.

Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 13 маусымда, РИА Новостиге әуе тасымалдаушының өкілі мәлімдеді.

"Армения, Әзербайжан, Беларусь, Грузия, Иран, Ирак, Израиль, Иордания, Қазақстан, Қырғызстан, Ливан, Ресей, Сирия, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанға рейстер 13 және 14 маусым күндері тоқтатылды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, компанияның баспасөз қызметі жағдайды жіті бақылап отырғандарын және рейс кестесін соған сәйкес түзетіп жатқанын атап өтті.

"Біз жолаушыларымызға келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қауіпсіздігі – біздің басты басымдығымыз", - деді Flydubai өкілі.

Қазақстанның Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі Таяу Шығыста соғыс қимылдарының басталуына және азаматтық авиация қауіпсіздігіне төнген жоғары қауіпке байланысты мәлімдеме жасаған еді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты