USD
USD
USD

FlyArystan ұшағы Мумбайда үнді ұшағымен соқтығысып қала жаздады

22 ақпанда Алматыға бет алған FlyArystan ұшағы Мумбай әуежайының ұшу-қону жолағында Air India әуе компаниясының Airbus A319 ұшағымен соқтығысып қала жаздады.

FlyArystan
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, қазақстандық ұшақ ұшу-қону жолағына кезекте тұруы керек болған. Алайда пилот ұшу жолағын шатастырып алған көрінеді. 

Осы кезде жылдамдық алып жатқан AirIndia әуе кемесінің ұшқышы қарсы бағыттағы лайнерді байқап, тоқтап үлгерген. AirIndia ұшағы бір сағатқа кешігіп ұшқан. Осы оқиғаға байланысты Мумбай әуежайына қонуға келе жатқан үндістандық IndiGo әуе компаниясының рейсі әуеде екінші айналымға кетіп, кейін қонған. 

Үндістан авиациясы оқиғаға қатысты тергеу бастады.

"FlyArystan компаниясы Чхатрапати Шиважи халықаралық әуежайымен бірлесіп, оқиғаның мән-жайын анықтау жұмыстарын жүргізуде", – делінген хабарламада.

FlyArystan оқиғаға қатысты пікір білдірді. 

"Fly Arystan компаниясының Мумбай – Алматы бағытындағы KC7858 ұшағымен болған жағдайдан хабардармыз. Әуе компаниясы Чатрапати Шиваджи атындағы халықаралық әуежайымен бірге жағдайға не себеп болғанын анықтау үшін жұмыс істеп жатыр" деді баспасөз қызметі

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж