USD
USD
USD

FlyArystan-ға қатысты тергеу жүріп жатыр

Әуекомпанияның артық қол жүгі үшін бірдей көлемде төлем алып келгені анықталған.

Ұшақ
Фото: flyarystan.com

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Алматы өңірлік бәсекелестік комиссиясында өткен брифингте Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысы Нұржан Нұрланұлы мәлімдеді. 

Оның мәлімдеуінше, авиатасымалдаушы артық жүктің нақты салмағына қарамастан, артық қол жүгі үшін бекітілген төлем алып келгені анықталған. Яғни 1 келі артық жүгі бар жолаушы мен 5 келі артық жүгі бар жолаушы бірдей ақы төлеген. 

«Басқа әуе компаниялардың тәжірибесін зерделеу қол жүгінің артық салмағы үшін, яғни нақты артық салмақ үшін сараланған төлем қолданылғаны мүмкін екенін көрсетеді», – дейді ол.

Департамент бастығының пікірінше, мұндай тәжірибе кейбір тұтынушылардың құқығын шектеуі мүмкін.

«FlyArystan компаниясының атына тасымалдаушы әрекеттерінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілерінің бар екені туралыхабарлама жолданды. Алайда бұл хабарлама орындалған жоқ, қазіргі уақытта әуе компаниясына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді Нұржан Нұрланұлы.

Тергеу қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданады.

Қазір оқып жатыр

Балқашта коттеджде тұратын зейнеткер жалғызбасты қызынан алимент өндірмек болған

алимент

«Қазақтелеком» 8 мың кеңсе қызметкерінің 5 мыңын қысқартпақ

Қазақтелеком

«Каштруды бірде-бір рет көрген жоқпын»: Боранбаев ҚФФ-ның төрешілер департаментін сынға алды

,

АҚШ пен Иран арасындағы келісімнен кейін мұнай бағасы күрт төмендеді

 Мұнай бағасы