USD
USD
USD

FlyArystan билет бағасын заңсыз өсірген

Монополияға қарсы орган «FlyArystan» әуе тасымалдаушысы тарапынан жағдайды теріс пайдалану белгілерін анықтады.

FlyArystan
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Талдау барысында авиабилеттердің құны брондаудың әртүрлі кезеңдерінде автоматты түрде қосылатын жасырын қосымша ақы есебінен өскені анықталды.

«Авиатасымалдаушы әуе билеттерін сату кезінде транзакция үшін комиссия алу арқылы әуе билетінің құнын арттырған. Бұл «drip pricing» деп аталады, демек, «баға өсірген». Негізінен еуропалық заңнамада бұған мүлдем тыйым салынған. Осы фактілерді біз анықтап, авиатасымалдаушыға қатысты монополияға қарсы заңнаманы бұзуды тоқтату туралы хабарлама жолдадық. Ол кейіннен орындалды», - деді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Төрағасы Марат Омаров БҚДА алқа отырысында.

Қазіргі уақытта Агенттік ішкі авиатасымалдар нарығына қатысты монополияға қарсы талдау жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер