USD
USD
USD

FlyArystan басшысы рейске жіберілмеген қыздың анасымен кездесті

FlyArystan басшысы Оралда 12 жасар қыздың анасы Жазира Мусинамен кездесті.

Жазира Мусина
Фото: Informburo.kz

Алматы, NEGE. Көлік министрлігінің мәліметінше, бүгін FlyArystan әуе компаниясының басшысы Ричард Леджер 21 шілдеде «Астана-Орал» рейсіне жіберілмеген 12 жасар Зере Галиеваның анасымен кездесу үшін арнайы Орал қаласына ұшып келді.

Тараптар болған жағдайдың себептерін егжей-тегжей талқылады. FlyArystan әуе компаниясының ресми өкілі қыздың отбасынан кешірім сұрады. Кездесуде Көлік министрлігінің қызметкерлері де болды, – деп қосты ведомство.

Әуе компаниясы кездесу нәтижесімен және қабылдаған шешімдерімен қосымша бөлісетінін жеткізді.

Айта кетсек, қазақстандық Жазира Мусина 20 шілдеде оның егіз қызы Америкадан елге оралғанын жазды. Олар басқа балалармен бірге сенімхат берілген адамның қарауымен Астана арқылы Оралға ұшуға тиіс болған. Айтуынша, FlyArystan әуе компаниясының қызметкерлері егіздердің тек бір сыңарын тіркеп, екіншісін тіркемеген. Балаға жауапты адамға техникалық себептерге байланысты қызды кейін тіркейтінін, бортқа өздері отырғызатынын айтып сендірген. Алайда, жас жеткіншек елорда әуежайында жалғыз өзі ересектердің қарауынсыз қалып кеткен.

Қазір оқып жатыр

Фельдшердің өлімі: сарапшы үйдің фасадының құлауына жобалық қателік себеп болғанын айтты

Вероника Лобаева

Алматыдан Лондонға бет алған Air Astana ұшағы Франкфуртқа қонуға мәжбүр болды

 Air Astana

Шымкентте дрон заңсыз қоқыс төккен КамАЗ жүргізушісін әшкереледі

белгіленбеген орынға қоқыс төккен

ДСМ телеарналар мен әлеуметтік желілерде фастфуд жарнамасын шектеуді ұсынды

жарнама