USD
USD
USD

FlyArystan Ақтау – Дубай рейсіне билет алған жолаушыларға үндеу жасады

Әуекомпанияның Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойынша рейстері Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайға байланысты уақытша тоқтатылды.

FlyArystan
Фото: FlyArystan

Астана, NEGE. Бұл жөнінде әуекомпанияның баспасөз қызметі хабарлады.

«Бұл жағдай жолаушылар үшін елеулі қолайсыздықтар мен белгісіздік туғызатынын түсінеміз. Қазіргі уақытта жолаушыларды Қазақстанға қайтару үшін бар күшімізді жұмылдырып жатырмыз», – делінген хабарламада.

Халықаралық әуе тасымалындағы қолданыстағы қағидаларына сәйкес, форс-мажор жағдайында тасымалдаушының міндеттемелері билет құнын қайтарумен немесе мүмкіндік болған жағдайда баламалы тасымалдауды ұсынумен шектеледі. Соған қарамастан, компания мәліметінше, FlyArystan жолаушыларды әуекомпания есебінен бір тәулікке тұру орнымен қамтамасыз еткен.

Сондай-ақ әуекомпанияның жергілікті өкілдері жолаушылармен байланыста болып, ақпараттық қолдау көрсетуде және ұйымдастырушылық мәселелерді үйлестіруге жәрдемдесуде. 

«Қазіргі уақытта FlyArystan Біріккен Араб Әмірліктерінің құзыретті органдарынан рейсті орындауға рұқсат күтіп отыр және Қазақстан Республикасының авиациялық билік органдарымен тұрақты байланыста.

Барлық қажетті рәсім келісіліп, қауіп-қатерді бағалау аяқталғаннан кейін жолаушыларды қайтарудың күні, уақыты және қауіпсіз форматы туралы шешім қабылданады. Тиісті шешім қабылданған бойда әуекомпания брондау кезінде көрсетілген байланыс деректері бойынша жолаушылармен жедел хабарласып, толық нұсқаулық жібереді. Бұл ретте, қайтару рейсіне отырғызуда міндетті шарт – FlyArystan әуекомпаниясының Дубай – Ақтау рейсіне пайдаланылмаған әуебилетінің болуы», – дейді компания өкілдері.

Сондай-ақ FlyArystan 28 ақпан, 7 наурыз және 10 наурыз күнгі рейстердің жолаушыларына билеттің толық құнын қайтарып алуға немесе сатып алынған арна бойынша билетті тегін қайта брондауға болатынын еске салды.

Қазір оқып жатыр

«Қазақстанға Алланың азабы керек»: желіде халқына қарғыс тілеген мұғалім кешірім сұрады

желіде пікір білдірген мұғалім кешірім сұрады

Дания Еспаева: Депутаттардың жалақысы 600 мың теңгеден басталады

жаңа құрам

Пайда жұқарды, бірақ қарыз қалың. Alatau City Bank үшін НЕГЕ уайымдай бастадық?

.

32 мың теңге беріп, 752 мың теңге талап еткен: депутат заңсыз несие берушілерді бақылауға шақырды

несие алу