USD
USD
USD

Fly Arystan әуе компаниясына қатысты тергеу жүріп жатыр

Аталған әуе компаниясының билет бағасын негізсіз көтергені анықталған жағдайда әкімшілік айыппұл салынады. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Болат Сәмбетов мәлімдеді.

FlyArystan
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Жуырда FlyArystan әуе компаниясына қатысты монополиялық жоғары баға мәселесі бойынша тергеу жүргізуді бастадық. Қазір тергеу жүріп жатыр, егер заңбұзушылықтар анықталса, тиісті шаралар қабылданады», - деді Болат Сәмбетов.

Агенттік өкілінің мәлімдеуінше, аталған компанияға қатысты тергеу бұған дейін де жүргізілген.

«Монополиялық жоғары баға дегеніміз – белгілі бір бағыт бойынша, мысалы, Алматы немесе Шымкентке билет бағасының басқа компанияларға қарағанда айтарлықтай жоғары болуы. Біз алдымен компанияның нарықта үстемдік ету факторын анықтаймыз, яғни оның әділ бәсекеге әсер ету мүмкіндігін бағалаймыз. Егер компания нарықта үстемдік етіп, негізсіз жоғары баға белгілегені анықталса, онда монополиялық жоғары баға болып саналады», - дейді ол.

Сондай-ақ бәсекелестікті қорғау агенттігі басшысының орынбасары заңбұзушылық анықталған жағдайда қандай жауапкершілік қарастырылатынын айтты.

«Анықталған жағдайда әкімшілік айыппұл салынады. Айыппұл айналымның 5%-ын құрайды, сондай-ақ негізсіз баға айырмасы тәркіленеді. Сонымен қатар, компанияға бағаны төмендету туралы нұсқама беріледі», – деп толықтырды Б. Сәмбетов.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы