USD
USD
USD

Фитнесс, спа, сұлулық салондары жабылды

Алматыда өңірлік коммуникациялар қызметінде қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбай карантин аясында қаланы азық-түлікпен қамту мәселесін түсіндірді. 

Фитнесс, спа, сұлулық салондары жабылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, қалада азық-түліктен басқа тауар сататын барлық сауда орындары жабылады. Алматыда халықты әлеуметтік маңызы бар тауарлармен қамту мақсатында арнайы штаб құрылған.

«Қоғамдық тамақтану орындарында шектеу болады. Атап айтқанда, мейрамханалар мен дәмханалар жабылады. Клиент қабылдауға тыйым салынады. Ал тамақты үйге тапсырыспен алдыру қызметі бұрынғыдай жұмыс жасайды. Қазіргі карантин уақытында бұл – ең тиімді шара деп ойлаймыз. Біз өз кезегімізде азық-түлікті жеткізу, логистика бойынша мейрамханаларға көмек береміз», – деді Сапарбек Тұяқбаев.

Оның айтуынша, басқа да қоғамдық қызмет орындары – фитнес, жаттығу залдары, спа салондар, сұлулық салондары карантин уақытында жабық болады.

«Қала тұрғындарының барлығын уақытша оқшаулануға шақырамыз», – деді ол.

Қазір оқып жатыр

Бектенов Түркістан облысында бұлақ көзін тазартып, ағаш отырғызды

Олжас Бектенов

Сәуірде зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі өсуі мүмкін

Ақша

10 мың теңгелік ескі банкноттарға қатысты жағымды жаңалық айтылды

Ақша

Қазақстандық екі клуб Еуропада үздік ондыққа енді

футзал