USD
USD
USD

Fitch Қазақстанның орнықтылық қорының рейтингін ВВВ/тұрақты деңгейінде растады

Fitch Ratings «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (бұдан әрі - ҚОҚ) эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингтерін («ЭДР») тұрақты болжамымен «ВВВ» деңгейінде растады.

Fitch Қазақстанның орнықтылық қорының рейтингін ВВВ/тұрақты деңгейінде растады
Фото: NEGE.kz

Алматы, Nege.kz. Fitch пікірі бойынша «ҚОҚ мәртебесі, меншігі және қызметіне бақылау «өте жоғары» деп бағаланады. «Бұл мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру үшін қолайлы саяси жағдайларға негізделген», - деп хабарлайды Fitch.

Қазақстан орнықтылық қоры Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қарайды. Қордың негізгі мақсаты:

  • екінші деңгейлі банктерді қаржылық қолдау арқылы банк секторының қаржылық тұрақтылығына жәрдемдесу;
  • ипотекалық тұрғын үй қарыздарының, жалға берілетін баспананың қолжетімділігін қамтамасыз етуге қатысу;
  • ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру жөніндегі механизмдерді іске асыруға қатысу;
  • басым бағыттағы жобалаларды несиелеу механизмдерін іске асыруға қатысу;
  • Қазақстан Республикасы азаматтарының қарыздық жүктемелерін азайту бойынша іс-шараларды іске асыруға қатысу болып табылады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы

Павлодар мұнай-химия зауытындағы бензин сапасы тексерілді: не анықталды?

бензин сапасы

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді алу уақыты екі есеге қысқарады

ЖИ

Пәкістанда перзентханада өрт шығып, 15 сәби көз жұмды

Пәкістандағы өрт