18 Желтоқсан 12:01
...

Fitch Баспана рейтингін растады

Фото:

Fitch Ratings «Баспана» ипотекалық ұйымының ұзақ мерзімді рейтингтерін («ЭДР») шетел және ұлттық валютасында «ВВВ» болжамы «Тұрақты» деңгейінде растады. Компанияның басымдық берілген қамтамасыз етілмеген борышының рейтингтері де «ВВВ» деңгейінде расталды.

Баспана - 7-20-25 бағдарламасының жүзеге асыратын компания. Ұлттық Банкке қарайды. Fitch Ratings хабарлауынша Баспананың мемлекетпен байланысы тығыз болғандықтан, рейтингтері де бір деңгейде бекітіледі.

«Рейтингтердің расталуы Fitch-тің Баспананың Қазақстан Республикасымен («ВВВ»/болжамы «Тұрақты»/» F2») тығыз байланысты екені туралы пікірінің өзгермегенін көрсетеді. Мемлекетпен байланысты компанияларды рейтингтеу әдіснамасына сәйкес Fitch «жоғарыдан-төменге қарай» тәсілін қолданады және мемлекеттің Баспанаға қолдау көрсету қабілеті мен дайын болуын өте жоғары деп бағалайды. Байланыс деңгейін және қолдау көрсетуге ынталандыруды бағалауды ескергендіктен, Баспананың ЭДР-ы Қазақстан Республикасының ЭДР-ымен бірдей», - деп хабарлайды Fitch Ratings.  

Рейтингтік агенттік «Баспананың» мәртебесін, меншігін және бақылауын өте жоғары деңгейде деп бағалайды.

 «Бұл баға компанияның қызметіне қатаң бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) 100 пайыз меншігінде болу фактісімен күшейтіледі. Компания өз қызметін коммерциялық ұйымдарға арналған жалпы құқықтық режимі шеңберінде жүргізетініне қарамастан, ол ҚРҰБ-тың тікелей меншігіндегі елдің тұрғын үй секторындағы жалғыз агент болып табылады. Fitch компания таратылған жағдайда, оның міндеттемелері түп нәтижесінде ҚРҰБ-ға немесе үкімет тағайындаған басқа ұйымға тапсырылады деп пайымдайды», - деп жазады Fitch Ratings сарашылары.

Fitch рейтингі «Баспанаға» бірінші рет 2018 жылғы 19 желтоқсанда тағайындалғанын еске саламыз. Ағымдағы жылғы желтоқсанда ипотекалық ұйым 32,55 млрд теңге жалпы сомасына уақтылы және толық көлемде екінші өтеуді жүзеге асырғанын хабарлады. Ағымдағы жылғы қазан айында «Баспана» өз облигацияларының бірінші шығарылымы бойынша 20,89 млрд теңгені уақтылы өтеді. Облигацияларды бастапқы орналастыру 2018 жылғы қазан айында жылдық 9,59%  орташа алынған мөлшерлеме бойынша жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес құрылымы «Баспана» облигациялар шығару және екінші деңгейдегі банктерден ипотекалық портфельдерді сатып алу есебінен қор нарығы арқылы қаражат тартумен айналысады. 2019 жылғы 18 желтоқсандағы жағдай бойынша орналастырған облигациялардың жалпы сомасы 282,6 млрд теңгені құрайды.

Тегтер: